«Есірткісіз аймақ» жобасы іске асуда
Есірткі қылмысын болдырмау және алдын
алу мақсатында облыстық прокуратурамен «Есірткісіз аймақ» жобасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген. Оған сәйкес арнайы жұмысшы топ құрылып, аудан көлемінде қауіпті болдырмау мақсатында жұмыс жасауда.

Арнайы топ аудан аумағындағы есірткі алқаптары егілген жерлерді анықтау, есірткіні заңсыз өсіру қылмыстарының алдын алуды көздеуде. Сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлесіп есірткі заттарын тұтынуға бейім адамдардың, елді мекенге келіп кететін бөгде көліктердің есебі жүргізілуде.
Арнайы жұмысшы топ ауданға қарасты барлық елді мекендерді аралап, жоспарға сәйкес жұмыс жасауда. Осы ретте Айдарлы ауылдық округінің аумағында зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу жұмыстарын ауыл әкімінің өкімімен құрылған жұмысшы топтың мүшелері ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Е.Әлтаев, ауылдық округ әкімі аппаратының әскери есеп стол маманы Е.Смайлов, ауылдық учаскелік полиция инспекторы Б.Нурумов және жұмысшы топтың мүшелері қатысып, елді мекенді аралады.
Есірткі қылмысына қатысты жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуы аудан әкімдігінің қатаң бақылауында болатынын айта кету орынды.
Ердос БЕРКІНБАЕВ