7 жасар бала ең жас миллионер атанды
Украинада Черкассов қаласында тұратын 7 жасап бала ең жас миллионер атанды. Бұл туралы Мемлекеттік қазына қызметінің басшысы Мирослав Продан мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
Украинада табысы 1 миллион гривен (12 млн теңгеден аса) асатындардың ең кәрісі – 99 жаста. Қарт миллионер Киевте тұрады.Украинада 2017 жылы миллионерлер саны 16 пайызға, яғни 559 адамға артқан.
4 063 төлемші 1 миллион гривен (12 млн теңгеден аса) шамасында табыс табатынын жариялаған.
Тағы бір адам 1 миллиард гривеннен (12 млрд теңгеден аса) астам табыс табатынын жариялады.
Пікір 2