Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№60 газет

11 тамыз 2026 ж.

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Күрішке орақ түсті

Күрішке орақ түсті

Бүгін аудандағы іргелі шаруашылықтың бірі «Ақжарма 2» шаруа қожалығы егінге орақты бастап кетті. Ел ырысы, ақ маржанымыз – күрішті ору науқанына арналған шараға аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Жұмабеков, шаруашылық төрағасы М.Бисенов және еңбек ардагерлері қатысып, егіншілердің қуаныштарымен ортақтасты.

«Ақжарма 2» шаруашылығында биылғы жылы 1172 гектар күріш, 120 гектар, бидай егіліп, 162 гектар ескі жоңышқаны күтімге алынған.

Жалпы аудан бойынша егілген егістің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 8,8 пайызға артып отыр. Атап айтқанда, 36043 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары, оның ішінде 23811 гектарға күріш, 12232 гектарға басқа дақылдар егілді.
24 тамыз 2023 ж. 244 0