Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Спортшыларға құрмет көрсетті

Спортшыларға құрмет көрсетті

Тамыз айының үшінші жексенбісі елімізде спортшылар күні ретінде аталып өтіледі. Бұл күні спорт саласының ардагерлері мен байрақты бәсекелерде топ жарып жүрген сайыпқыран спортшыларға құрмет көрсетіліп, олардың ел дамуындағы еңбегі көпке үлгі етіледі. Ауданымызда да жылдағы дәстүрге сай спортшылардың кәсіби мерекесі лайықты ұйымдастырылды. Аудан әкімі Б.Сәрменбаев сала ардагерлері мен спортшыларды қабылдап, құрмет көрсетті.

Аудан басшысы елімізде спорт саласы кең қол­дауға ие екенін айтып, ауданда да спорттың дамуына, бұқаралық спорт қозғалысын кеңейтуге, спорт­тағы жетістіктерді ынталандыруға жағдай жа­сал­ғанына тоқталды.

– Бұған дейін Қазақстанда «Азиада», «Универсиада» ойындары өтті. Мемлекетіміз беделді халық­аралық жарыстарды өткізетін орынға айналып келе жатыр. Сәйкесінше сырдариялық спортшылар соңғы онжыл­дықтарда халықаралық жарыс­тарда үздік нә­ти­же көрсетіп келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ­стан халқына жыл сайынғы Жолдауында бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және балаларды қол­дауға басымдық беру керектігін айтып келеді. Әр өңірде спорт ғимараттарын ашуды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дене шынық­тыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арнал­ған кешенді жос­пары қабылданды. Біз­дің ауданда спортпен шұғыл­данушылардың саны  артуда. Тұрғын­дар­ға барынша қол­же­тімді болуы үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Спорт­­тық инфрақұрылымдар жаңғыртылуда, жаңа спорт кешендері мен алаңдар салынып, қолдау шара­­лары жүргізілуде. Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасымен демеушілік есебімен 6 ойын алаңы салынды. Одан бөлек, 2 ойын алаңы күр­­делі жөндеуден өткізілді. Тереңөзек кентіндегі спорт клубы ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатса, Бесарық ауылындағы спорт кешені биыл пайда­лануға беріледі деп жоспарлануда, – деді аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы.

Мұнан соң спорт саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген майталман мамандар мен саңлақ спорт­шылар облыс және аудан әкімінің Алғысымен марапатталды.

Мерекелік қабылдауда аудандық ардагерлер кеңе­­сі­нің төрағасы Мұса Келдібаев пен сала ардагері Мектепхан Елеусінов сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

– Ауданның спорт саласының жетістіктері де, жақсы жаңалықтары да көп. Біздің жетістіктерімізге аудан әкімі әркез қолдау білдіріп келеді. Тіпті апта сайын спорт саласындағы жұмыстарға қатысып, бізге, аудан намысын қорғайтын спортшыларға ерек­ше көңіл бөлуде. Мен спорттың бұқаралық сипа­тын дамытқан дұрыс деп есептеймін. Ол үшін әр отбасы саламатты өмір салтын ұстануы керек. Қазір барлық мүмкіндік бар. Орталық стадионнан бастап спорттық ойын алаңдарына дейін ашық, қолжетімді. Сондықтан жасымыз да, жасамысымыз да спортпен шұғылдануымыз қажет. Мерекеге орай арнайы қабылдау жасап, мерейімізді өсірген аудан басшылығына, аудандық мәдениет және спорт бөліміне айтар алғысымыз шексіз, – деді Мектепхан Елеусінов.

Айта кетейік, аудан бойынша 14 702 спортшы, яғни халықтың 38 пайызы жүйелі түрде спортпен айналысуда. Оларға 134 дене шынықтыру және спорт мекемелері тегін қызмет көрсетіп келеді.


А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ
19 тамыз 2023 ж. 299 0