Cыр құрылысшылары марапат төрінен көрінді
Қызылорда қаласында Құрысшылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құрысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады.
«Құрылысшылар – сәулет өнерінің шеберлері ғана емес, адал еңбектің иелері. Сары аяз қыста да, шіліңгір шілденің аптап ыстығы мен боз жауынды қоңыр күзге қарамастан құрыш білектің қуатын ғимарат салуға арнайтын қадірлі мамандық иесі. Сондықтан әрбір шебер қолды құрылысшының туған өлкеміздің дамуында қолтаңбасы бар. Бүгінде өңірде құрылыс индустриясы қарқын алып келеді. Заманауи ғимараттар салынып, жаңа ықшам аудандарда көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеріп, аймақ ажарына әр қосты. Миллиардтаған теңгенің ірі жобалары да құрыш қолды құрылысшылардың табандылығының арқасында жүзеге асуда. Биыл Сыр елі құрылыс жұмыстарының көлем көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы қатарда», - деді аймақ басшысы.
Мерекелік іс-шарада облыс әкімі Тәуелсіздік жылдары облысымыздың өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне ерекше атсалысқан азаматтарға, майталман мамандарға түрлі марапат табыстады. Атап айтқанда, "Қызылорда облысының Құрметті азаматы" атағымен мемлекет және қоғам қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері Қожахмет Баймаханов марапатталды. Сонымен қатар сала мамандарына "Құрметті құрылысшы"," Құрметті жолшы" төсбелгілері, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрмет грамотасы, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаты берілді.

Атаулы күні қазақ эстрадасының жұлдыздары Мәдина Сәдуақасова, Әміре, Маржан Арапбаева және Садраддин ән шырқап, мереке думанға ұласты.
Айта кетейік, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде биыл облыс аумағында 8,8 млрд. теңгеге 26 тұрғын үйдің және 46 млрд. теңгеге 62 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Соңғы 3 жылда тұрғын үй құрылысының көлемі 112 пайызға өсіп, 3 мыңнан аса азамат жаңа пәтерге ие болды. Биыл құрылыс көлемі одан әрі артып, 692,3 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
Қазір әртүрлі деңгейдегі 150 жобаның құрылысы жүзеге асуда. Бұған мемлекеттік бюджет есебінен 72,3 млрд.теңге бөлінді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі