Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ


Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасында облыс құрылысшыларымен кездесу өтті.
Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов ауа-райының аптабы мен аязына қарамай, құрылысшылардың атқарған адал еңбектерінің арқасында жылдан жылға қала мен елді мекендердің сәулетіне сәулет қосылып жатқандығын, өңірімізде заманауи талаптарға сай салынған құрылыс кешендері артқандығын жеткізіп, сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.
Бұдан әрі лайықтылар марапатталды. Назарларыңызға марапатталған азаматтарды ұсынамыз:
- «Атамекен» ҰКП–ның ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалімен «Мелиоратор» ЖШС директоры Мыханов Бердібек Сартайұлы;
- ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен «Т-Т Құрылыс сервис» ЖШС директоры Бисембаев Темір Алдажұмаұлы;
- ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен «СК «Дәнекер» ЖШС-нің тас қалаушысы Жансақалов Хамит Алмағамбетұлы;
- ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісімен «Шапағат» пәтер иелері кооперативінің төрайымы, «Барша және К» ЖШС құрылтайшысы Шаханова Құрбанкүл Андақұлқызы;
- Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Алғыс хатымен «ҚазҚұрылыс Сервис» ЖШС бас директоры Сейтмұратов Айдарбек Ештайұлы, «Асар» ЖШС-нің құрылыс жөніндегі директорының орынбасары Құрымбеков Бахытжан Аманбекұлы, «Абу-Сер» ЖШС директоры Абубакиров Ибрагим Серікбайұлы марапатталды.
Айта кету керек, биылғы жылдың өзінде облыста жалпы құны 27,6 млрд теңгені құрайтын 42 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі



15 тамыз 2018 ж. 1 103 0