Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті

Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев «Достық үйінде» аудандағы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті.

Кездесуде аудан басшысы алғашқы жартыжылдықта атқарылған жұмыстарға тоқталды. Және де ауданда үкіметтік емес ұйымдар саны жылдан-жылға көбейіп келе жатқаны қуантатынын айтты.

– Ауданда атқарылған жұмыстар ауқымды. Бірінші жартыжылдыққа жоспарланған жұмыстар атқарылды. Әр салада тұрақты өсім қалыптасты. Осы жұмыстарға үкіметтік емес ұйымдардың қосып жүрген үлесі мол. ҮЕҰ-дар қоғамның әртүрлі саласын қамтиды. Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобын қорғау, ұлттық құндылықтарды жаңғырту, жастармен жұмыс, гендерлік және басқа да мәселелер сырт қалмаған. Ауданда үкіметтік емес ұйымдардың көбеюі азаматтық сектордың жауапкершілігі мен белсенділігінің артқанын көрсетеді. Бүгінде барлық қоғамдық ұйым «Достық үйінде» топтасқан. Жақында бұл жер күрделі жөндеуден өткізіліп, жақсы жағдай жасалды, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Кездесу барысында ел ішіндегі қоғамдық-саяси іс-шараларға белсенді араласып жүрген ҮЕҰ өкілдері сөз сөйлеп, әртүрлі бағытта іс-шаралар өткізіп, өңір дамуына үлес қосып жүргендерін айтты. Сондай-ақ ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Аудан басшысы қазіргі таңда ҮЕҰ-ға мемлекет тең серіктес ретінде қарайтынына тоқталып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бүгінде ауданда 25 ҮЕҰ бар.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
03 тамыз 2023 ж. 260 0