Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Орман және дала өрттерінің алдын алу

Орман және дала өрттерінің алдын алу

Табиғи өрттердің белең алуының басым көпшілігі адам­дардың алаңғасарлық, немқұрайлық және мәде­ниет­сіздік әрекеттеріне байланысты.

Ойланбай тасталған темекі тұқылы, сөнбей қалған от – осының барлығы орны толмас үлкен қайғыға соқтырады. Ең бастысы, табиғи өртті ескерту, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, ұқып­тылық. Сондықтан, табиғи өрттің алдын алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында келесі маңызды ержелерді естеріңізге саламыз:

– жазғы маусымда құрғақ, ыстық және желдi ауа-райында ауылдық елдi мекендер мен саяжайлық ауылдарда, бақшалық учаскелерде от жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргiзуге жол берiлмейдi;

– желді күндері қоқыс қалдықтарын жақпаңыздар, жаққан алаудың толық сөнгеніне көзіңізді жеткізіңіз;

– елді мекендер мен ұйымдардың аумақтары, ашық қоймалар мен құ­ры­лыстардың, ғимараттардың өртке қарсы қашықтығы, сондай-ақ тұрғын үйге, саяжайға және басқа да құрылыс­тарға жақын учаскелер жанармай қалдық­та­рынан, қоқыстан, құрғақ шөптерден, жа­пы­рақтардан дер кезінде тазартылып тұруы қажет;

– өрт пайдалану кезінде өрт қауіп­сіздік ережелерін сақтау мақсатында жас­өспірімдер мен балалар арасында әң­­гіме жүргізіңіз;

– темекі тұқылын және жанып жат­қан отты мұқият өшіріңіздер.

Егер Сіз, табиғи, дала өртін немесе жану оқиғасын байқасаңыз, немқұ­райлық танытпай, тез арада өрт сөндіру бөліміне «101» телефон нөмірі арқылы хабарлаңыз.

Естеріңізде болсын! Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кінәлі тұлғалар жасаған құқық бұзушылығының ауыр­лығына сай Қазақстан Респуликасының заңнамаларына, яғни Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы және қылмыстық кодекстеріне сәйкес тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

«Сырдария орман және
жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
25 шілде 2023 ж. 196 0