Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Қызылордада құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалағымен өткен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында сервистік полиция жобасы бойынша атқарылған жұмыстар, жол қауіпсіздігі мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Күн тәртібіндегі тақырыптар бойынша қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлыбек Қордабаев баяндама жасады.  

Бүгінде сервистік полиция жобасы қылмыспен күресте жергілікті атқарушы органдармен, халықпен, қоғам өкілдерімен бірігіп қоғамдық қауіпсіздік проблемаларын анықтауда және шешуде ауқымды жұмыстарды атқарып келді. Жобадағы бағыттарға сәйкес, жыл басынан бері орын алған жайттарға байланысты жедел ақпараттар жинақталып, талдаулар жасалынып, оның шешілу жолында нақты шаралар жүзеге асырылды. Нәтижесінде, сервистік полиция өзінің тиімділігін дәлелдеді. Енді осы жобаны жүйелі түрде іске асыру мен ауқымын кеңейту қажет. Қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы тиісті сала басшылығына аталған жұмыстарды жандандыруды тапсырды. 
 
Полицияның танымалдығын арттыру мақсатында барлық аймақтарда, әрбір елді-мекендерде «Учаске» іс-шарасы өткізілуде. Дегенмен, тұрғындардың басым бөлігінен аумақтық учаскелік полиция инспекторын танымайтындығы, ешқандай байланыстың жоқ екендігі жөнінде арыз-шағымдар түсуде. Осы мәселеге орай, шаһар басшысы полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлыбек Құрбанәліұлына ескерту жасап, тұрғындармен кері байланыс орнатуда жоспарлы шараларды қолға алуды міндеттеді. 

Соңғы уақыттары қала көлемінде жол-көлік оқиғаларының орын алуы жиілеп, салдарынан жарақаттанып, қаза болғандардың саны артты. Жыл басынан бергі 5 айдың ішінде 75 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 80 адам түрлі дәрежеде дене жарақаттарымен ауруханаға түссе, 9 адам көз жұмған. Бұл статистика өткен жылмен салыстырғанда 8,6 пайызға артқандығын көрсетеді. Ахуалдың күрделілігіне орай, қала әкімі полция қызметкерлеріне қырағылық таныту, профилактикалық шараларды күнделікті жүргізу жүктеді.
30 маусым 2023 ж. 236 0