Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Ардақты ағайын!
Құрметті сырдариялықтар!

Сіздерді барша мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын.

Құрбан айт мерекесі – мейірімділік пен әділдікті, жауапкершілік пен шыдамдылықты, қайырымдылық пен бауырмалдықты насихаттайтын күн. Барша мұсылманның ұлық мейрамында құрбандық шалудың негізгі амалы – мұқтаж жандарға қол ұшын созу, адамзатты бейбіт өмірге шақыру болып табылады. Бұл мереке әр адамды тек жақсы, ізгі қасиеттерге тәрбиелеп, әділет, парасат жолымен ғана жүруге үндейді.

Еліміз егемендігін алғалы бері ата дініміз нағыз өркендеудің жолына түсті. Діннің басты мұраты – қоғамның биік рухани мәдениетін қалыптастыру. Адамзат баласының етене араласуына, еліміздегі ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашатын – Құрбан айт мейрамы береке мен бірлікті, қайырым мен қанағатты арттырады. Осы күні мұсылман жамағатының көпшілігі құрбандық шалса, араздасқан ағайын татуласып, өзара кешірім жасап, туысқандық байланыс күшейе түседі.

Құрметті жерлестер!
Қасиетті Құрбан айт мерекесі әрбір шаңыраққа береке мен қуаныш әкелсін. Барша мұсылман жамағатына денсаулық, бақыт, имандылық тілеймін.

Құрметпен, Б.Сәрменбаев,
Сырдария ауданының әкімі

28 маусым 2023 ж. 122 0