Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ветеринария саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Ветеринария саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветери­нариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырдария аудандық ау­мақтық инспекциясының ветеринария саласындағы көрсететін мемлекеттік қызметтері туралы ақпарат. ҚР АШМ 2015 жылғы 21 мамырдағы «Ве­те­ри­­нариялық құжаттарды беру қағи­даларын және олардың бланкі­леріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» №7-1/453 бұйрығы негізінде, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырдария ау­дандық аумақтық инспекциясы екі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

«Экспорттау кезінде орны ауыс­ты­рылатын (тасымалданатын) объек­­тілерге ветеринариялық серти­фикат беру» — нақтырақ айтар болсақ, Қа­зақстан Республикасынан шет мемлекеттерге шығатын ауыл шаруа­шылығы жануарлары, олардың өнім­дері мен шикі
заттарын тасымалдау­ үшін берілетін ветеринариялық ілес­пе құжат.

Аталған қызмет бойынша өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру екі түрде жүр­гізіледі:

1) ҚР АШМ ВБҚК Сырдария ау­дандық аумақтық инспекциясының кең­сесі арқылы.
2) Электрондық (ішінара автомат-тандырылған) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету мер­зімі 2 (екі) жұмыс күні ішінде дайын сүт, май және балық өнімдеріне вете­ринариялық сертификат беру кезінде – өтініш берген күні рәсімделеді.

«Мемлекеттік ветеринариялық-са­нитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-са­ни­тариялық қорытынды беру» мемле­кет­тік көрсетілетін қызмет стандарты;

Өтінішті қабылдау және мемле­кеттік қызметті көрсету (ветеринария­лық-санитариялық қорытынды беру) нәтижесін беру:

1) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2) Электрондық (ішінара авто­маттандырылған) «Бір өтініш» қағида­ты бойынша мемлекеттік қызметті көр­сету мерзімі – өтініш тіркелген сәт­тен бастап– 4 (төрт) жұмыс күні;

3) Ақылы. «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасы негізінде көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналас­тырылған ветеринариялық-санита­рия­лық қорытындының құнын төлей­ді.

Жұмыс кестесі:

Көрсетілетін қызметті беруші – Қа­зақстан Республикасының Ең­бек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүй­­сенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға де­йін­гі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

Мекеменің мекен жайы: Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Ш.Құн­дызбаев көшесі №41 А ғимаратында орналасқан. Жұмыс телефоны: 8(724­36) 22-2-63.

Е.ҚҰЛМАҚ,
ҚР АШМ ВБжҚК-нің
Сырдария аудандық
аумақтық инспекциясының
бас маманы
03 маусым 2023 ж. 323 0