Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ОРТАҚ БІЗДІҢ ЖЕРІМІЗ

ОРТАҚ БІЗДІҢ ЖЕРІМІЗ


Жақында Н.Ілиясов ауылдық модельді кітапханасында 1-мамыр Қазақстан халықтарының  бірлігі күніне орай, елімізде әр түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқандығын өскелең ұрпаққа түсіндіріп, балалардың патриоттық сезімдерін қалыптастырып, достыққа тәрбиелеу мақсатында «Рухы биік халықтың іргесі берік» атты мерекелік кеш болып өтті. Ашылуы еліміздің әнұраны мен басталған ісшараға ауыл әкімшілігінің жастар жөніндегі әдіскері Фариза Каленова, маман Бағлан Мығымбаев, татар ұлтының өкілі Гайсина Қанзия мен черкеш Бабижева Лариса қатысты.   
Өз кезегіндеқонақтар аталмыш мерекемен құттықтап, ерекше лебіздерін жеткізді. Шара барысында мектеп оқушылары  жерігілікті және республикалық деңгейде танылған ақиық ақындардың достық туралы өлеңдерін жатқа оқып, биші қыздар биден шашу шашты. Шара сонында кітапханашы «Мәңгілік елдіңтірегі – бірлігі жарасқан халқы» атты кітап көрмесімен таныстырып, кеш қонақтарына сый-сияпат көрсетті.

А.МАРАТҚЫЗЫ
28 сәуір 2018 ж. 797 0