Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аппарат отырысы: көтерілген мәселелер өзекті

Аппарат отырысы: көтерілген мәселелер өзекті

Аудан әкімі Б.Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кезекті аппарат отырысы өтті.

Аппарат отырысына аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов, аудан прокуроры А.Кемалов, аудандық полиция бастығы Ғ.Тұрсекеев, кент және ауыл әкімдері, дербес бөлімдер мен коммуналдық сала басшылары қатысты. Отырыста күн тәртібіне сәйкес, 2 мәселе қаралды.

Атап айтқанда, Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу бағытында атқарылған профилактикалық жұмыстары туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков, Көктемгі дала және егін егу жұмыстарының барысы туралы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрбол Жұмабеков  хабарлама жасады. 

Аудан басшысы атқарылған жұмыстар мен нәтижелерді қорытындылай келе, алдағы уақытқа жоспарланған атқарылуы тиіс жұмыстарды межелеп, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

07 мамыр 2023 ж. 607 0