Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жол жөндеу жұмыстарының сапасы бақылауда

Жол жөндеу жұмыстарының сапасы бақылауда

Сырдария ауданындағы аудандық маңызы бар “Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі” автомобиль жолын орташа жөндеуге 2022-2023 жылдарға облыстық бюджеттен 311,0 млн теңге бөлініп, 2022 жылы жұмыстар басталып 6,0 км жөнделді.

Ағымдағы жылы 5,0 км жөнделетін болады. Мердігер мекеме “Стройтельно-транспортная компания” ЖШС, техникалық қадағалаушы “Аймереке” ЖШС.

Бүгінгі күнге 1,2 км асфальт төселді. Жол жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуы мен жол-құрылыс материалдарын тиімді қолдану мақсатында “Ұлттық Жол активтер сапасы орталығы” РМК мекемесімен сынама алынып тексерілуде.

Жұмыстардың жоба бойынша атқарылуы, асфальт жабындысының ені мен қалыңдығы бойынша техникалық қадағалаушымен бірге жауапты мамандар күнделікті бақылауда.
Барлығы жобаға сәйкес атқарылуда.

07 мамыр 2023 ж. 411 0