Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Өздеріңізге белгілі, облыстық маңызы бар «Қызылорда-Аманкелді» автожолының жөндеуді қажет ететіні түрлі кездесулерде және әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланды.

Ең алдымен, облыстық маңызы бар «Қызылорда-Аманкелді» автожолын орташа жөндеуге тиісті басқармаға жоба-сметалық құжаттама дайындап, бюджеттік өтінім ұсыну жөнінде жұмыстар жасалған. Аймақ басшысының бұл жұмысты тікелей бақылауына алуы, соның негізінде маңызды жолдың жөнделуі ішкі жолдар арқылы облыс орталығына қатынайтын Аманелді, Жетікөл, Айдарлы ауылдарының тұрғындары үшін қуанышты хабар болды. Сондықтан үш ауылдың тұрғындарының атынан ризашылығымызды білдірсек артық емес.

Атап өту қажет, облыстық маңыздағы «Қызылорда-Аманкелді» бағытындағы автожолының жалпы ұзындығы 16 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда жолдың белгіленген учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме «УАД» ЖШС-і.

Учаске басшысы 13 техника және 26 жұмысшы тартылғанын жеткізді. Ең маңыздысы, жоба сметалық құжаттарға сәйкес сапалы және уақытылы аяқталуы қажет.

Аймағымыз үшін маңызды жұмыстарды тұрғындармен бірге шешуге әркез дайынбыз. Барлықтарыңыздың жұмыстарыңызға жеміс тілейміз!
04 мамыр 2023 ж. 417 0