Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында биыл туберкулезден 10 адам қайтыс болды

Қызылорда облысында биыл туберкулезден 10 адам қайтыс болды

Қызылорда облысында туберкулезден биыл 10 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыста биылғы жылдың 9 айында туберкулез шалдығудың 330 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға артқан. Олардың басым көпшілігі - тыныс алу жолдарының туберкулезі.

«Сырқаттанушылық деңгейі Жалағаш ауданында бір деңгейде қалыптасқан. Ал қалған аудандарда эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Туберкулездің ашық түрімен ауырғандар 1,3 есеге жоғарылаған. Індетке шалдыққандардың 66%-ы әлеуметтік белсенді топтар, яғни 18-64 жас аралығындағы тұрғындар. Сырқаттанушылықтың 5,4%-ы - 14 жасқа дейінгібалалар болса, 5,4% -ы жасөспірімдер арасында тіркелген», - деп мәлім етті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті. 

Эпидемиологиялық талдау нәтижесі көрсеткендей, туберкулезге шалдығу көп жағдайда жұмыссыздар және зейнеткерлер арасында көп екені анықталды.

«Аталған аурудан Қызылорда қаласында - 5, Байқоңырда - 2 адам көз жұмса, олардың саны аудандар бойынша Жалағаш, Қазалы мен Жаңақорғанда - 1 адамды құрайды. Аурудың асқыну және өлім-жітім себептері ауыру қаупі жоғары «тәуекел» топтағы контингенттердің уақытылы флюрографиялық тексерілмеуі, ауру клиникасы пайда болғанымен тұрғындардың медициналық көмекке кеш жүгіну салдарынан болуы ықтимал», - деді аталған ведомстводан.
06 қараша 2022 ж. 279 0