Аймақта эпидахуал күрделі

- Ауруға шалдыққандардың ішінде жаңа туылған нәрестеден бастап еңкейген қарияға дейін бар. Мәселен жыл басынан бері 18 жасқа дейінгі балалар арасында 765 дерек тіркелсе, оның 211-і шілде айының 18 күнінде анықталды. Әсіресе бір жасқа толмаған нәрестелердің ауруханаға түсуі алаңдатып отыр. Бұған дейінгі штамм адамдарда симптомсыз түрде өтіп келген болса, үнді мутациясының клиникалық белгілері бірден байқалуда. Сол себепті карантиндік шараларды сақтаңыздар. Әрбір адамның денсаулығы өзінің қолында,-деді Әлия Мүтәліпқызы.