Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірінші тоқсанды қорытындылады

Бірінші тоқсанды қорытындылады

Сырдария аудандық соты 2023 жылдың І тоқсанының жұмы­сын қорытындылауға арнаған баспасөз конференциясын өткізді. Оған судьялар мен сот қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында сот төрағасы Руслан Алдамбергенов статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.
– 2023 жылдың 3 айында 24 адамға қатыс­ты 14 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 8 іс бойынша 15 адамға үкім шығарылды. 4 адамға қатысты 4 іс тоқтатылды, 2 іс прокуратураға кері қайтарды. 1 жекеше қаулы қабылданды.

Азаматтық істер бойынша 104 талап қою мен 1 іс түсті, 64 іс қаралды. Оның ішінде 8 сот бұйрығы, 23 шешім қабылданып, 30 іс өндірістен тоқтатылды. 3 іс қараусыз қалды­ры­лып, 1 жеке ұйғарым қабылданды.
2023 жылдың бірінші тоқсанында аудан­дық соттың өндірісіне 53 әкімшілік құқық бұ­зушылық іс түсті. Түскен әкімшілік құқық бұзушылық істердің ішінде 52 адамға қатыс­ты 52 іс қаралды. 38 адамға әкімшілік жаза қолданылып, 14 адамға қатысты тоқтатылды. Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша 8 жеке қаулы қабылданды.

Аталған мерзімде барлығы татуласу тәр­тібімен 1 азаматтық іс, медиаторлардың қа­ты­­суымен 29 азаматтық іс, 8 әкімшілік құқық бұзушылық іс, 4 қылмыстық іс аяқ­талды, – деді аудандық сот төрағасы Руслан Алдамбергенов.

Сонымен қатар төраға азаматтық істер бо­йынша сотқа дейінгі хаттама негізінде татуластыру бағытында жұмыстар жүргізіліп отыр­ғандығын, аудандық сотта жыл басынан бері 24 іс сотқа дейінгі хаттама тәртібімен аяқтал­ғандығын атап өтті.

Сот төрағасы осы жылдың наурыз айынан бастап іске асқан «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң аясында азаматтардың банкроттық рәсімдері туралы қосымша ақпарат берді. Азаматтардың үш түрлі банкроттық рәсімдерге, яғни соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы, тө­лем қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша жүгіне алатынын айтты. Сондай-ақ банкрот­тықтың салдары мен өтінішке қоса берілетін құжаттарды атады.

– Біріншісі соттан тыс банкроттық Мем­лекеттік кірістер басқармасымен іске асады. Өтініш EGOV электрондық үкімет порта­лы арқылы беріледі. Қарыздар екін­ші дең­гейдегі банктер, микроқаржы ұйым­дары, коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыз­дар бойынша жүгінеді. Бұл банкрот­тықтың шарттары мен ерекше шарттары бар. Ал екінші рәсім сот банкроттығы сотпен қарастырылады. Өтініш борышкердің тұр­ғылықты жері бойынша сотқа беріледі. Осы ретте нені білу керек дегенге тоқталсақ, біріншіден, сот банкроттығы барысында бо­рышкердің мүлкі сауда-саттықта сатылады. Екіншіден, егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болса, онда кредитор оны сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы. Ал егер жалғыз тұрғын үй кепіл болып табылмаса, ол мүліктік массаға енгізілмейді. Бұл рә­сімде қаржы басқарушысы тағайындалады. Қаржы басқарушысының қызметтеріне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен жүргізіледі. Банкроттықты жүргізу мерзімі 6 айға ұзарту мүмкіндігімен 6 ай. Осы рәсімде қолдану барысында шектеулер де бар. Соның ішінде шетелге шығуға тыйым салынады. Үшінші рәсімді тартқатып айтар болсақ, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру сотпен қарастырылады. Өті­ніш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі. Негізгі шарты – қарыздың мөлшері тиесілі мүліктің құнынан аспауы тиіс. Аталған рәсімнің артықшылықтары – банкрот мәртебесінің берілмеуінде, теріс салдарсыз қаржылық мониторинг жүргізілмейді, несие алуға шектеулер болмайды. Сонымен қатар 5 жылға дейін қарыздар бойынша бөліп төлеуге мүмкіндік бар, шетелге шығуға шектеу жоқ, сондай-ақ төлем қабілет­тілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу кезінде қаржы басқарушысының көмегіне жүгінеді және қарыздың бір бөлігін есептен шығару мүмкіндігі қарастырылған, – деді аудандық сот төрағасы.

Бибісара ЖАНӘЛІ
18 сәуір 2023 ж. 455 0