Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қос елді мекенінде лейшманиоз дертіне байланысты түсіндірме жұмысы жүргізілді

Қос елді мекенінде лейшманиоз дертіне байланысты түсіндірме жұмысы жүргізілді

Сырдария аудандық ауруханасының мамандары санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымымен бірлесіп, жыл көлемінде көптеген іс-шараны жүзеге асыруда. Бұл жолы – ақ халатты абзал жандар Аманкелді және Іңкәрдария ауылына арнайы іссапармен барып, лейшманиоз дертіне байланысты түсіндірме жұмысын жүргізді.

Өз кезегінде Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы Д.Балтабаев Р.Бимағамбетов, Сырдария аудандық ауруханасының дәрігер-дерматовенерологы С.Маханбетов, дәрігер-эпидемиолог Г.Баджанова ауыл тұрғындарына аталған дерт бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Қос елді мекендегі білім ошақтары тексеріліп, лейшманиоз дертіне байланысты мектеп оқушылары мен ауыл халқына кеңінен ақпарат берілді. Сала мамандары өзара пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісті.

Мұндай бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

30 қараша 2025 ж. 263 0