Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » А.Тоқмағамбетов көшесі жөнделеді

А.Тоқмағамбетов көшесі жөнделеді

Осы аптаның жұма күні Сырдария ауданының әкімі М.Ергешбаевтың қабылдауына кенттегі А.Тоқмағамбетов көшесінің тұрғындары жеке қабылдауға келген болатын. Келген мақсаттары көшеге жөндеу жүргізу мен сол көше бойындағы Қаракөл каналына жаяу жүргіншілер көпірін салу, канал жиегін тегістеуді сұраған.

Аудан әкімі қабылдауда көтерілген мәселелерді талқылау мақсатында тұрғындарды қатыстыра отырып, канал мен алдағы болатын жөндеу жұмыстарының жоспарымен танысты.

Канал жиегін тегістеу жұмыстарын аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлының қолдауымен демеуші ретінде «Қызылдихан» ЖШС-нің төрағасы А.Құлбаев бұл жұмыстарды жүргізіп беретіндігін жеткізді.

Сонымен қатар, жол жөндеу кезінде тұрғындардың сұрауы бойынша өзгерістер енгізуді қолданыстағы заңдылықтар бойынша қарастыруды және жаяу жүргіншілер көпірінің жобасын жасауды тиісті сала орынбасары Б.Сәрменбаев пен кент әкімі Е.Бақтияровқа тапсырды.

Айта кету керек, биыл Тереңөзек кентіндегі А.Тоқмағамбетов көшесін жөндеуге облыстық бюджетке 36 млн.теңгенің жобасы ұсынылып отыр. Сонымен қатар, ағымдағы жылы кенттегі Д.Қонаев, Ә.Тәжібаев, Ә.Алиакбаров, Қ.Бөдеев, О.Мәлібаев, Б.Момышұлы көшесінің 6 бөлігі толық жөнделетін болады.
05 ақпан 2023 ж. 222 0