Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 5 газет

21 қаңтар 2025 ж.

№4 газет

18 қаңтар 2025 ж.

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Аудан көлемінде кәмелетке толмағандар арасын­дағы қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау, алдын-алу, сондай-ақ, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша рейдттік профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Рейдтік іс-шараларға білім бөлімі мен білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювенальды полиция тобының қызметкерлері тартылуда.

– Профилактикалық жұмыстар жас­тар көп шоғырланатын орындарда және мейрамханаларда жүр­­гізіліп, кәмелетке толмаған жас­өс­пірімдердің түнгі 22:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде жүр­меуі қадағалануда. Бірлескен бұл жұ­мыстар алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізілетін болады. Қазір­гі таңда жасөспірімдер мен кәмелет­ке толмағандар арасында мектеп­тен тыс уақыттарда құқық бұзушы­лықтар мен қылмастар орын алуда. Осы орайда ата-аналар­дан ба­лалардың қауіпсіздігін қамта­масыз етуде түнгі беймезгіл уақыт­тары көшеде жүрмеуін қатаң қа­да­ғалауды сұраймыз, – дейді ау­дандық білім бөлімінің басшысы Б.Жә­нібеков.

Айта кетейік, балалардың түнгі уа­қытта көшеде жүруіне қатысты заңда жауапкершілік көзделген. Ата-ана­ларға, заңды өкілдерге кә­мелетке толмаған балалардың заң­ды өкілдерінсіз түнде ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерлерде жүргені үшін кешкі 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде анықталса, 3 АЕК мөлшерінде (10350 теңге) айыппұл салынады. Ал түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін үйден тыс жүретін болса – ескерту жа­салынады. Егер ұқсас дерек 1 жыл ішінде тағы қайталанса, 7 АЕК кө­лемінде айыппұл (24150 теңге) қа­растырылған.

Айта кететіні, тек заңды өкілдер ғана баланы аудандық полиция бө­лімінен алуға құқылы.

«ТТ» ақпарат
10 сәуір 2023 ж. 910 0