Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаевтың Сырдария ауданында азаматтарды жеке қабылдауында ауданға қарасты Жетікөл ауылдық округінің тұрғынынан өтініш түсіп, ауыл ішінде жүргізуші куәлігі жоқ жастар мен жасөспірімдер көлік басқаратыны және жұрт тынышын алатындығы айтылып, тиісті тапсырма берілді.

Осыған байланысты жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу, сондай-ақ, құқықтық сауаттылықты арттыру мен құжатсыз жүрмеуіне ықпал жасау және тұрғынның өтінішін қанағаттандыру бойынша аудан әкімі М.Ергешбаевтың тапсырмасына сәйкес аудандық жастар ресурстық орталығы және аудандық полиция бөлімі бірлесе отырып, рейд жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында ауылішілік көшелерде көлік басқарып жүрген тұрғындар мен ауыл жастарына аудандық полиция бөлімі арқылы түсіндірме жасалып, жалпылама ақпараттар берілді. Мұнан соң ауылішілік көшелерді аралау жұмыстары жүргізілді. Жеке қабылдау кезінде өтініш білдірген ауыл тұрғынымен байланыс жасалып, жоғарыда аталған рейдтік жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетіні айтылды. Өтініште айтылғандай жағдайлар орын алса, қатаң түрде тиісті шаралар қабылданатыны ескертілді.

Іс-шараға аудандық полиция бөлімі мен аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері белсенді түрде қатысты.

Құрметті ата-аналар, аудан тұрғындары!

Жасөспірімдерге құжатсыз көлік басқаруға рұқсат бермеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі беймезгіл уақыттары көшеде жүрмеуін қадағалауды ата-аналар назарына саламыз!
27 қараша 2022 ж. 613 0