Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ТЕЖЕУ – МІНДЕТ

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ТЕЖЕУ – МІНДЕТ


Бүгінде қалтасын қалыңда­туға, өз құ­зыретіндегі қызметті асыра пай­даланатындар кө­бейген. Қарапайым тұрмыста жан-жа­ғымызға қарайлап, келесі бірімізге кесір тигізуге даяр тұратынымыз мәлім. Ертеректе бастау алған жемқорлық көрінісі қазіргі қоғамның айық­пас кеселіне айналды.
Дүйім елдің ортасында жүріп-ақ, кішігірім сыбайластыққа барған­дарды уа­қыт өте «алған үстіне ала берсем екен» деген ой мазалайтыны анық. Ақырында оңай олжаға ие боламын деген ойы жүзеге аспай өзі қазған орға түсетіні хақ. Жаза басқандар Заң шеңберінде жауапқа тартылып, темір тордың ар жағынан қалай шыққандарын білмей де қалады. Десек те, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, құқықтық ережелер күшейтілгенімен жем­қорлық фактілері жер-жерден қау­лап шы­ғып жатыр.
Жыл сайын жоспарға сәйкес сы­бай­лас-жемқорлық факторларын тежеу мақса­тында ауқымды жұмыстар жасалады. Нә­ти­жесінде, көрсеткіш деңгейі төмендеп, тиісінше азамат­тар құқықтық сауаттанады. Кей­­бір жемқорлыққа жиі баратын сала­лардың қатарын анықтап, қыл­мыс жасауға итермелейтін жәйттерді анықтау – алдағы уақытта жалғаса бермек. Осы орайда, жақында «Жем­­қорлықсыз ел –гүлденген ел» Нұр Отан» партиясы жобасы аясында партия мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бірлескен іс-шаралар жос­парына сәйкес, аудандық емхананың мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақ­сатында семинар өткізілді. Ша­раға аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, ҚР Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы А.Сә­лімжанқызы және денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Н.Тұрсынбаева қатысты.
Шара барысында сыбайлас жем­­қор­­лыққа байланысты мамандар баяндама жасап, қоғамдық ахуа­лының маңызды тұс­та­рын бей­неролик арқылы көрсетті. Өз ке­­зегінде аудандық партия филиалы төра­ға­сы­ның бірінші орынбасары Е.Жақып партия қабылдаған Сыбайлас жемқорлыққа қар­­сы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға ар­нал­ған бағдар­ламасы шеңберінде жасалатын ауқымды шараларға тоқ­­талды. Аудандық емхана­ның бас дәрігері Н.Мырзағалиева сала тө­ңіре­гінде жемқорлыққа қарсы атқа­рыл­ған жұмыстарды айтып берді.
Қорытынды бөлімде жемқор­лық­ты бол­дырмау мақсатында қолға алынған жұ­мыстар легін жоғары деңгейде орындау сала мамандарына тапсырылды.

Б.ОРДАБЕКОВ
26 сәуір 2018 ж. 795 0