Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Табиғи газдан төнер қауіп жоғары

Табиғи газдан төнер қауіп жоғары

Тереңөзек кенті тұрғын­да­рының табиғи газды тұтынып келе жат­қанына 2 жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт аралығында кент тұр­ғындары көмір түсіру, отын жағу жұмыстарынан біржола құтылды десек артық болмас. Қыты­мыр қыс мезгілінде бір­қалыпты жылы температура сақталуда. Одан бөлек тереңөзектіктер жыл бойына көгіл­дір отынның игілігін көріп, қолайлы жағдайдың жасалғанына дән риза.

«Әр нәрсенің екі ұшы болады» де­мекші, табиғи газдың пайдасынан бөлек қауіптілігі де жоғары. Мамандар мұны дұрыс қолданбай, қауіпсіздік шараларын сақтамағанда адам өміріне аса қауіпті екенін ескертеді. Мәселен, аудан орталығында «Қызылорда газ тарату жүйесі» мекемесінің Те­рең­өзек бөлімшесінің мамандары тұр­ғын үйлерге, ғимараттарға газды қосуға рұқсат беру, газ құ­быр­лары мен қондырғыларын күтіп-ұстау және авариялық қызмет жұмыс­та­рын жүзеге асырады. Осы мекеме қызметкерлері күндіз-түні кезек­ші­лік­пен жұмыс істеп, қауіпсіздікті қам­тамасыз етіп келеді. Тұрғын үй­лер­дегі табиғи газдан ақау шыққанда сала ма­мандары қауіпсіздік шараларын жа­­сайды.

– Тереңөзек кенті табиғи газға қо­сылғалы бері тұрғындар игілігін кө­руде. Дегенмен әрбір тұрғын қауіп­сіздік шараларын естен шығармауы керек. Өйткені газдан ақау шықса, одан келетін қауіп жоғары. Бүтіндей бір отбасы қайғы жамылуы мүмкін. Көршілес өңірлерде қауіпсіздік шараларын сақтамағанның салдарынан қайғылы оқиғалар орын алуда. Сондықтан тұрғындар газды тұты­ну та­лаптарын толық орындағаны дұ­рыс. Газ құрылғыларының арнайы бөлек бөлмеде орнатылып, бу­лық­тың болуы, сигнализатордың үнемі қосылып тұруы қажет. Кейде тұрғындар сиг­нализаторға көп мән бере бермейді. Мұның газдан төнетін қауіпті ең алдымен ескертетінін есте сақтауы керек. Барлық талаптар сақталғанда одан қауіп болмайды. Ал ақау пайда болғанда бізге жедел хабар беруі тиіс, – дейді «Қызылорда газ тарату жүйесі» мекемесінің Тереңөзек бөлімшесінің директоры Еркебұлан Есенгелді.

Сондай-ақ учаске басшысы тұты­нып отырған табиғи газдың ақысын уақытылы төлеу керек екенін айтты. Яғни, әрбір айға сала мамандары газдың ақысы қанша болғанын ескертіп отырады. Ал әрбір айдың соңында тұтынған көгілдір отын төле­мін жасауды тұрақты жүзеге асырған дұрыс. Сол кезде қарыз қордаланып қалмайды. Ал табиғи газ ақысы тө­лен­бесе, өндірістік учаске мамандары тиісті шараларды қабылдап, газды ажыратып кетеді. Содан кейін қашан ақысы төленгенше дейін көгілдір отынды пайдалану мүмкін болмайды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Терең­өзек кенті бойынша 2038 тұрғын жай көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Одан бөлек кентте 35 әлеуметтік ны­сан­ның жылыту қазандықтары газға лайықтандырылып, табиғи газбен жы­­лытылады. Одан бөлек, 72 жеке ны­­сан орталықтандырылған газ жүйесіне қо­сыл­ған.

Е.БЕРКІНБАЕВ
14 наурыз 2023 ж. 475 0