Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Көктем шуағы

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында серіктестік ұжымдағы әйел азаматшаларды құттықтады. Мерекелік құттықтау шарасына шаруашылық директоры мен сала басшылары қатысты.

— Өзге мерекелерден орны бөлек мерейлі мереке қарсаңында барлығымыз бірге қызмет жасап отырған «Шаған жер» серіктестігінің әлеуметтік-экономикалық өсуін қамтамасыз етіп, оның одан әрі нығаюына қосқан еселі еңбектеріңіз үшін баршаңызға зор алғысымды білдіремін.

Шаңырақтарыңызда әрдайым татулық, келісім мен игілік салтанат құра берсін! Ең асыл армандарыңыз орындалып, әрқашан сұлу жүздеріңізден шаттық пен күлкі кетпесін, — деді директор Жеңісбек Сыздықов.

Сонымен қатар әріптес қыз-келіншектерге сый-сияпат ұйымдастырылып, мерекелік құттықтаулар табыс етілді.
08 наурыз 2023 ж. 546 0