Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді 1414 арқылы ала алады

Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді 1414 арқылы ала алады

Мемлекеттік корпорация қызметтерді сапалы түрде көрсету мақсатында 1414 желісінің жұмысын тұрақты түрде дамытып келеді. Бірыңғай байланыс орталығының желісінде 24/7 тәулік бойы мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беретін робот іске қосылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.  

Бірыңғай байланыс орталығының роботы ХҚКО-ға кезекке тұру, құжаттардың дайындығын тексеру, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерден анықтамалар беру сияқты қызметтерді көрсете алады. Кезекті брондау үшін нөмірді енгізетін батырмада ЖСН-ды теріп, өзіңізге жақын ХҚКО-ны таңдап, орталыққа келу уақытын ескерту қажет. Оған қоса, робот арқылы анықтама алу үшін телефонға келген SMS хабарламадағы кодты растай отырып, ЖСН енгізу керек. Барлық қадамдар дұрыс орындалағаннан кейін 1414 нөмірінен SMS хабарлама арқылы анықтамаға сілтеме жіберіледі. Сонымен қатар, робот белгілі бір қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізімін SMS хабарлама арқылы жолдайды.

«Виртуалды оператордың әлі де кемшілік тұстары бар. Қоңырау шалу барысында робот сізді дұрыс түсінбейтін жағдайлар болуы мүмкін, бірақ оны неғұрлым көп адам қолданса, кеңес беру деңгейі соғұрлым жақсарады. Біз мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта робот көрсететін мемлекеттік қызметтер тізімін арттыратынымызды атап өтемін», - деді Мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин атап өтті.

Робот ең танымал 50 мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес береді.Ол төлқұжат, жеке куәлік, электрондық цифрлық қолтаңба алу, бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы, зейнетақы төлемдерін алу сияқты қызметтерден бөлек, басқа да сұрақтарға жауап береді.

Айта кетейік, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы азаматтарға 11 жылдан астам уақыт бойы қызмет көрсетіп келеді. Жыл басынан бері желіге 1,2 миллионнан астам қоңырау түскен, оның 35 пайызына робот қызмет көрсетті.1414 желісіне қоңырау шалу тегін және барлық ұялы байланыс операторларының пайдаланушылары мен стационарлық телефоннан қоңырау шалатын азаматтарүшін қолжетімді.
24 ақпан 2023 ж. 378 0