Жыл басынан бері 10 мыңнан аса адам қызметті "Жеңілдік терезесі" арқылы алған
![](/uploads/posts/2022-04/medium/1649313207_con.jpg)
Пандемия уақытында аталған азаматтарға қызмет көрсету жетілдіріліп, 1414 байланыс орталығы арқылы үйде отырып, қалаған қызметіне тапсырыс бере алатын болды. Бұл қызмет қазіргі күнге дейін іске асуда.
Облыстағы І және ІІ топтағы мүмкіндігішектеулі азаматтар мен ҰОС ардагерлері халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ үйде отырып мемлекеттік қызметтерге тапсырыс бере алады. Ол үшін 1414 байланыс орталығына хабарласып, ХҚО қызметкерін үйіне шақырады. Тапсырыс берілгеннен кейін 7 күн ішінде тапсырыс жүзеге асырылады, - дейді Фронт офистерді үйлестіру басқармасының басшысы Гүлназ Бадрақова.
Қазіргі таңда өңірдегі барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі адамдарға еш кедергі кезікпейді. Есту және сөйлеу мүмкіндіктері жоқ азаматтарға қызмет көрсету үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалында 60 сурдоаудармашы маман оқытылған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация
КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының PR-қызметі