Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қызылорда: Жедел желіге 70 мың қоңырау түскен

Қызылорда: Жедел желіге 70 мың қоңырау түскен

Елде төтенше жағдай режимі енгізілгелі аймақтағы 1414 бірыңғай байланыс орталығына 70 мың қоңырау түскен. Оның басым бөлігі жаппай тәртіпсіздік кезінде туған-туысының жоғалуына қатысты шағымдар, – деп хабарлдайды Kyzylorda-news.kz. 

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ облыс бойынша филиал директоры Айнұр Тобаева мәлімдеді.

1414 бірыңғай байланыс орталығы еліміздің 5 облысында ғана бар. Қызылорда қаласындағы орталықтың мамандары әр аймақтан қоңырау қабылдап, жауапты өңірлерге бағыт берді. Төтенше жағдай күрделі кезде орталық негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істеді. Қазір мұнда 70 оператор көпшілікті толғандырған кез келген сауалдарға жауап беруде. Соңғы күндері тұрғындар тарапынан әлеуметтік төлемдерге, мемлекеттік қызметтерді алуға байланысты сұрақтар да жиіледі, -деді Айнұр Шорабекқызы.
16 қаңтар 2022 ж. 564 0