Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Эбола вирусы Нигерияға да жетті

Эбола вирусы Нигерияға да жетті

Нигерияда Эбола безгегін жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді. Вирус Угандадан ел астанасы Абуджаға ұшақпен келген әйелден анықталған. Қазір науқас ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нигерияның Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық бақылауды күшейтіп, аурудың таралуына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылданып жатқанын хабарлады. Ведомство тұрғындарды сабырға шақырып, дүрбелеңге негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Уганда Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Нигерия азаматы бұл ел арқылы транзитпен өткен. Бұған дейін ол Конго Демократиялық Республикасының шығыс бөлігінде іссапарда болған. Угандада да Эбола вирусын жұқтыру жағдайлары тіркелгенімен, кейін елде белсенді жағдайлар қалмағаны хабарланған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамыр айында Конго Демократиялық Республикасы мен Угандадағы індетті халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялаған. Мәліметке сәйкес, індет 2026 жылғы қаңтар-ақпан айларында басталған.

Сурет: Reuters
21 қазан 2026 ж. 64 0