Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көшемізге жарық берілді

Көшемізге жарық берілді

Біз жаңа қоныстану аймағының ең шеткі көшесінде тұрамыз.Ол даңғайыр күрішші, Ұлы Отан соғысының ардагері онсе­гіздік Бақтияр Жақыповтың есі­мімен аталады.­ Кө­­шемізге ауыз су, газ келіп тұр. Жа­рық жүргізіп, асфальт төсеу жөнінде бірнеше жылдан бері тұрғындар өтініш айтып келе жатқан ­болатын.

Шын мәнінде, аудан кө­лемінде ілкімді істер жалғасын табуда. Оның ішінде, Терең­өзек кентінің тазалығы, көше­лерінің жөнделуі, тұрғын үй­­­лердің жаңаша қалыпқа кел­­ті­рі­луі көңілге медеу сыйлайды. Мәселен, өзіміз тұратын кө­шеге осыдан 2-3 күн бұрын самаладай жарық берілген болатын. Аталған мәселенің ше­шімін тапқанына дән ризамыз. Осыған дейін жергілікті тұр­ғындар көшеде жарық бол­мауына бірнеше мәрте алаң­даушылық білдірген еді. Себебі, көшенің қараңғы болуы мектепке қатынайтын балалар мен егде кісілердің жүріп-тұруына ке­дергі келтіретін.

Бұл ретте, мәселенің шешім тапқанына көше тұрғындары ерекше қуанып, іс басында жүр­ген азаматтарға шынайы ал­ғыс­тарын білдіруде.

Ендігі кезекте, көпшіліктің тол­­ғандыратын мәселесі кө­ше­­ге асфальт төсеу екенін сөз­ ба­сында айтқан болатынбыз. Бар­лығымызда аталған мә­селе биыл жүзеге асса деген үміт  басым.

Кент көшелері күннен-күнге көркейіп, онда тұратын адамдар­дың қуанышты жүзін көру қандай бақыт! Расында, «Гүлденсе ауыл – гүл­денеміз бәріміз» деген сөз бекер айтыл­маса керек-ті.

Шаһарбек Нұрсейітов,
ардагер-журналист
11 ақпан 2023 ж. 390 0