Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйлену күніне жұбыңыздың тағдыры тікелей байланысты

Үйлену күніне жұбыңыздың тағдыры тікелей байланысты


Сіз отбасылық өмір қарым-қатынасына үйлену тойы белгіленген күнгі жұлдыздардың орналасуы тікелей байланысты болатынын білесіз бе? Өз күніңізді тауып, болашағыңыз туралы бағамдай біліңіз!
Тоқты белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (20.03–19.04)
Үйленгенге дейін: сіздердің қарым-қатынасыңыз өте жылдам өрбіді. Көзді ашып жұмғанша Сіздің той күніңіз белгілі болды.
Үйленгеннен кейін: сіздердің қарым-қатынастарыңыз екі жақтан да мейлінше ырықсыз күйде, сол себепті отбасылық өмірде үлкен ұрыс-керістен айналып кетуге болмас.
Туындайтын мәселелер: сіздің жұбыңыздың ең қиындығы – екі жақтан да ұрыс-керіске жол бермеу. Кей кездері сіз тік мінез танытасыз, соның әсерінен ұрсысуға, өкпелеуге бейім тұрасыз.
Кеңес: барлық ренішіңізді, ашуланшақтығыңызды төсек қатынасына таныңыз – бұл шиеленісті қалпына келтірудің таптырмас жолы!
Торпақ белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (19.04–20.05)
Үйленгенге дейін: бастапқы кезде бір-біріңнің мықты, осал тұстарыңызды тиянақты зерттеп аласыздар, сондай-ақ материалды жағдайға да ерекше мән бересіздер.
Үйленгеннен кейін: екеуіңіз де тыныш, бір өлшемді өмірді қалайсыздар, бір-біріңізге үреймен қарайсыздар, бұл сіздердің қарым-қатынастарыңыздың өзін үрейге әкеп соғады.
Туындайтын мәселелер: екі жақтың да дұрыс шешімге келе алмауы – бұл жұптың ең үлкен қателігі болып саналады. Осы мәселені еңсеріңіз, сол кезде ғана сіздің үйіңізде махаббат пен тыныштық орын алады.
Кеңес: өзіңіздің жұбыңызға жүректен шыққан әдемі сөздеріңізді аямай, оны ісіңіз арқылы көрсетіп жүріңіз.
Егіздер белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (20.05–21.06)
Үйленгенге дейін: сіздердің кездесулеріңіз жақсы бір қалжыңның әсерінен орын алды. Қысқа уақыттың ішінде сіздерге ұнайтын түрлі тақырыпта әңгіме-дүкен құрып үлгердіңіздер.
Үйленгеннен кейін: сіздердің бір қарағанда жеңіл көрінетін әңгімелесулеріңіз шынтуайтында өте терең әрі шынайы.
Туындайтын мәселелер: мұндай кездері романтика бәсең тартады, тек қана естеліктер елесі қалады.
Кеңес: бірінші кезекте жақсы дос болу шарт, содан кейін үй болу мәселесін ойлаған орынды. Бірге айналысатын хобби іздеп, бір-біріңіздің жұмыстарыңызға көмектескендеріңіз де дұрыс.
Шаян белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (21.06–22.07)
Үйленгенге дейін: сіздер бірден жақын адамдарыңызды тапқандай болдыңыздар және бір жастықта қартаюды армандайсыздар.
Үйленгеннен кейін: бір-біріңіздің ойларыңызды бірден оқып отырасыздар, сіздерде тартылыс күші өте жоғары.
Туындайтын мәселелер: хобби, талғам және мақсат жағынан қатты ұқсайсыздар, бұл кейде қорқыныш ұялатады.
Кеңес: үрейленбеңіз, алдаусыратпаңыз, тек қана өмірдің рахатын көріңіз!
Бұл жұлдызнаманың Сіз үшін маңызды күнді белгілеуде көмегі тиеді деп үміттенеміз.
Арыстан белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (22.07–22.08)
Үйленгенге дейін: сіздердің араларыңызда нағыз бас айналдырарлық роман бар. Сіз еш уақытта да өз арманыңыздағы адаммен кездескеніңізге шәк келтірмейсіз.
Үйленгеннен кейін: сізде қарым-қатынас тек романтикалық қана емес, сонымен қатар зиялылық тұрғысында да орын алады. Сіздің жұбыңызды бір-біріне шынайы берілу мен терең ашықтық ерекшелендіріп тұрады.
Интим: сіздің жатын бөлмеңізде іңкәрлік салтанат құрған және онда серіктестер бір-біріне өз қалауларын батыл айтады.
Туындайтын мәселелер: Сізге «махаббат» қызығуына беріліп кетпеу маңызды. Нағыз шынайы сезімді сәбидің дүниеге келуімен нығайта түсу қажет.
Біздің кеңесіміз: серігіңіздің көңілін қалдырып алмау үшін оған өзіңіздің үстемдігіңізді жүргізуге тырыспаңыз.
Бикеш белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (22.08–22.09)
Үйленгенге дейін: жұбыңыздың қасында сіз өзіңізді қорғаныш жасалғандай сезінесіз. Екі жақтың қарым-қатынасындағы басты нәрсе— ертеңгі күнге деген сенімділік және тұрақтылық.
Үйленгеннен кейін: сіздің жұбыңызда өзгеге үлгі бола білетін қасиеттер жинақталған. Отбасында бір-біріңізге деген сенім бар, адалсыздар, сол себепті сіздің үйде ыдыс-аяқ сылдыры естілмейді.
Интим: сіздің жұбыңызға құштарлық ең бастысы емес, алайда жыныстық қатынасты еркек пен әйелдің міндеті деп те санамаңыздар.
Туындайтын мәселелер: егер сіз өз уақытыңыздың қалай өткені туралы жұбыңызға үнемі баяндап отырмасаңыз, сіздердің қарым-қатынастарыңыз тығырыққа тірелуі мүмкін.
Біздің кеңесіміз: жұбыңызға тиісіп, мазасын алғанды қойыңыз!
Таразы белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (22.09–23.10)
Үйленгенге дейін: сіздердің талғамдарыңыз ұқсас болған соң, бір-біріңізді ұнаттыңыздар. Сіздердің қарым-қатынастарыңызда бәрі де тепе-теңдік негізде құрылған.
Үйленгеннен кейін: сіздің жұбыңыз ылғи да биіктен көрінгісі келеді. Шама келгенше мәртебелі шараларға жиі барасыз. Екеуіңізді де өзгелердің өмірі қатты қызықтырады, мұны өздеріңіз де сезбей қалып жатасыздар.
Интим: сіздерде сезімтал және эмоционалдық қарым-қатынас орнаған. Сіз үнемі жұбыңызға әдемі сөздеріңізді айтып отырасыз, сондықтан ол да Сізді ылғи таң қалдырып жүреді.
Туындайтын мәселелер: егер екеуіңіз де келісімге келе алсаңыздар, сіздер түрлі қиындықты еңсересіздер.
Біздің кеңесіміз: әдеп сақтап, ұрыс-керіс шығармаңыз. Кез келген уақытта жұптың имиджін сақтап қалуға тырысыңыз.
Сарышаян белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (23.10–21.11)
Үйленгенге дейін: бір-біріңізге магниттей тартылып тұрасыздар. Сіздердің қарым-қатынастарыңыз құпия дүниелерге толы.
Үйленгеннен кейін: сіздің жұбыңызды әр күні түрлі оқиғалар күтіп тұрады. Сіздер екі адамдық спектакльде ойнап жүргендей әсерде боласыздар. Бұл жерде бәрі де бар: жұмсақтық та, нәзіктік те, құштарлық пен қызғаныш та. Бұл некені сіз ұзақ уақыт бойы естен шығара алмайсыз!
Интим: сіздердің араларыңызда құштарлық ерекше үлгіде өріс алған, оның шегі жоқ. Сіздер үшін махаббат күнде жасайтын салт-жоралғы секілді.
Туындайтын мәселелер: ерте ме, кеш пе, некедегі бұл қарым қатынастар сізді жалықтырып жібереді, сіз бұдан арылғыңыз келеді.
Біздің кеңесіміз: сіз некеңіздің ұзақ уақытқа сақталуын қаласаңыз, шыдамдылық танытыңыз. Бәріне дайын болыңыз, өйткені сіздің жұбыңыз тек тыныштық пен жайлылықтан басқаның бәрін береді.
Мерген белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (21.11–21.12)
Үйленгенге дейін: сіздердің таныстықтарыңыз үлкен махаббатқа ұласты. Бұл қарым-қатынастан екеуіңіз де ерекше ләззат аласыздар.
Үйленгеннен кейін: екеуіңіз де саяхатты, ой-өрісті кеңейткенді жақсы өкресіздер, оқи бергілеріңіз келеді. Әрдайым осылай бола бермек!
Интим: төсек қатынасында әр күні әр түрлі нәрсені ойлап табуға құмарсыздар. Ал қарым-қатынастың жарқын үлгісін хош иісті майлар мен үзілген раушан жапырақтары толықтыра түседі.
Туындайтын мәселелер: бір-біріңіз үшін араларыңыздағы еркіндік шегін анықтап алғаныңыз орынды. Сіздердің маңызды одағыңызға үшінші бір адамның килігуі ғажап емес!
Біздің кеңесіміз: бірге бас қосатын мерекелік шараларды ұйымдастырыңыз, қонаққа барыңыз, саяхаттаңыз. Тек қана әдемі, толыққанды өмір сіздердің некеде бақытты болуларыңызға кепілдік бере алады!
Тау ешкі белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (21.12–20.01)
Үйленгенге дейін: сіздер некелесуге шешім қабылдамастан бұрын бір-біріңізге ұзақ уақыт көз салып жүрдіңіздер. Өйткені, ештеңеге міндеттемейтін албырттықтың мәні жоқ деп есептейсіздер.
Үйленгеннен кейін: екеуіңізде өмірден және жұбыңыздан нені қалайтындықтарыңызды өте жақсы білесіздер. Өйткені, сіздердің ортақ болашақтарыңызға  қатысты мәселелерді алдын ала келісім алғансыздар. Некеде бір-біріңізге ашыла бермейсіздер, тақуа болуды қоясыздар және тіпті ерекше әрекеттерге де барасыздар.
Интим: сіздердің түндерінің нағыз назға және жұбыңызға деген қамқорлыққа толы.
Туындайтын мәселелер: қарым-қатынасқа деген жүз  пайыз сенімділік қана сіздердің одақтарыңыздың ұзаққа созылуына мүмкіндік береді. Еш уақытта өз серігіңізді алдамаңыз!
Біздің кеңесіміз: бір біріңіздің қызығушылықтарыңызға алалық жасамаңыздар. Барлық уақытта ойға алған бағытта жылжыңыздар!
Су құйғыш белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (20.01–19.02)
Үйленгенге дейін: сіздің қарым-қатынасыңыз лезде, күтпеген жерден орын алды және ерекше болды. Екеуіңіз де еркіндікті жақсы көретін, тәуелсіз жандарсыз, осы жағынан ұқсайсыздар. Алайда үйленбестен бұрын екеуіңізге бірге тұрып көрген дұрыс.
Үйленгеннен кейін: сіздердің жұптарыңыз үшін үйлену бірінші орында. Сіздер үнемі достардың арасында демаласыздар, болашақ туралы бірге ойлайсыздар, көп нәрседе ұқсастық пен белгілер тауып жатасыздар.
Интим: сіздің тұйықтығыңыздың кесірінен көптеген ойға алған мақсаттарыңыз жүзеге аспай қалып жатады. Төсек қатынасына келгенде кері тартудың қажеті шамалы.
Туындайтын мәселелер: екеуіңіз де бір-біріңізді үлгі тұтасыздар, сондықтан бір-біріңіздің көңіліңізді қалдырмас үшін «өзіңізді аттап» кетіп жатасыздар.
Біздің кеңесіміз: бір-біріңіздің ойға алған дүниелеріңізге мұқият болыңыздар!
Балықтар белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (19.02–20.03)
Үйленгенге дейін: бір кездері сіз өзіңіздің мінсіз серігіңіздің  нобайын ойша сұлбалаған едіңіз. Сіз осынау елесті мінсіз серігіңізбен әйтеуір кездесесіз. Соны сол сезімдеріңізге кірбің түсіріп алмауға тырысыңыз.
Үйленгеннен кейін: Сіздер бір-біріңізді жарты сөзден-ақ түсінесіздер және серігіңізге барынша қамқорлық танытасыз.  Егер ол қателікке бой алдырып жатса, онда оған қателігін түзету үшін екінші мүмкіндік бересіз.
Интим: Қалай болғанда да интим мәселесіне келгенде бір-біріңізді сынамаңыздар. Екеуіңізге де ұзаққа созылатын аймаласулар мен ыстық сүйістер ұнайды.
Туындайтын мәселелер: сіздің некеңіз – бұл үлкен бір елес. Егер мұңға бату ұнайтын болса, онда қайғыға батасыз, егер мәңгі сүйгіңіз келсе, онда сәл солай болады.
Біздің кеңесіміз: Серігіңізді сағынып үлгеру үшін жиі жалғыз қалуға тырысыңыз.
 
Бұл жұлдызнама сіздің жұбыңызға үйлену тойы күнін «дұрыс» таңдап алуға көмектеседі деп үміттенеміз. Ал егер ол күн орындалып кеткен болса — әрі қарай қандай бағытта өз қарым-қатынасыңызды жақсарту қажеттілігі туралы кеңес берері анық!


22 сәуір 2018 ж. 1 501 0