Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақытты некеге жеткізетін 8 кеңес

Бақытты некеге жеткізетін 8 кеңес


Бақытты неке – кездейсоқ сәттіліктен ғана туындайтын дүние емес, ол ер мен әйелдің тату да тәтті өмірінің шынайы жемісі. Бұл қос жастың бір-біріне деген ілтипаты мен ерекше сезіміне сүйене отырып, балалықтан даналыққа, надандықтан парасаттылыққа бет алып, бір шаңырақтың астында қоян-қолтық, шат-шадыман ғұмыр кешуі болса керек. Халқымыз «Үйлену оңай, үй болу қиынды» айтқанда, үйлену оңай болса да, үйлесу тым қиын екенін меңзегендей. Өмір болған соң оның бар қиыншылығы мен қызықшылығын қатар бөліп, бірге көргенге не жетсін. Алайда бүгінде жастар түгіл, жасамыстардың өзі аз ғана қайғы келе қалса, қабырғасы қақырай сөгіліп, келер күннен үміт үзеді сонша. Боркеміктей езіліп кеп, тіпті безуге дейін барып жатады. Осындайда қос жастың екі тәндегі бір жанға айналып, бақытты өмір сүрмекке бірге ұмтылып, бақытты отбасының негізін қатар жүріп қаламаққа құлаш ұруы маңызды. Асылы, бақытты некенің негізі неде жатыр? Өз жұбың мен отбасыңды қайткенде бақытты қыла алмақсың? Неке біткеннің үзілмес жібі, мықты діңгегі неге негізделмек? Барлық отбасының бақыты неде? Отбасы ішіндегі көлденең түйіткілдер мен өзара келіспеушліктерді қайтіп жоймақ керек? Шаңырақты ортасына түсіріп алмау үшін үйлесімді тіршілікті қалайша жолға қоюға болады? Осы тұрғыдан келгенде, бақытты некеге қажетті болатын 8 кеңесті ұсынғанды жөн көрдік. 

✅ Сенім. 

Мұсылмандық некенің ең басты құрамдас бөлігі – ол сенім. Өзара сенімнің аясында жұбайлар болашаққа батыл қадам жасайды. Бұл дін исламның құндылықтары арқылы ғана жүзеге асады. Сенім болмаған жерде отбасылық бақыттың іргесі қаланбайды. Жалпы сенім отбасының қос мүшесіне күш-қуат беріп, соның айналасында күллі жақсылық атаулыны ұйыстырады. Тіпті бұл олардың өмір сүру дағдысына да анағұрлым өзгерістер әкеледі. Іргесі мықты отбасының негізі қаланып, бір-біріне деген құрметі мен сыйластығы күшейеді. 

✅ Төзімділік. 

Сабыр – жалғанның жарығындағы кез келген адамның ең маңызды өлшемі. Төзім мен шыдамдылық адамды қым-қуыт жағдайлардан құтқарып қоймастан, оның жүйкесіне артық салмақ түсіруден сақтайды. Уайым-қайғыға салдырмайды. Ең бастысы, Құдіретті Алла тағаланың ұлылығын сезінуге жақындата түсіп, оған ғана тәуеккел етуге һәм көзсіз сенім артуға шақырады. Осылай адам өзінің ішкі тетіктерін емен-жарқын басқара отырып, өмірдің көлденең қиындықтарын еңсеретін болады. Оның ішінде, күрмеуі шешілместей көрінген отбасылық келеңсіздіктерді де жеңбек. Қасиетті Құран кәрімде былай баяндалады: «Негізінен, адам баласы зиянда. Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне ақиқатты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер бөлек (олар зиянға ұшырамайды)» (103:2-3). 

✅ Достық 

Некенің осынау бөлігі үш басты негізден тұрады. Біріншісі – өз жұбайларымызбен арадағы қарым-қатынасты барынша реттеу. Алайда ол ешқандай да күш-қысымға негізделмеуі тиіс, керісінше шынайы достықты ғана мұрат тұтпағы ләзім. Біз айнала-маңайымыздағыларға қалай сенім артсақ, оларға ізет көрсетіп, қамқор болсақ, онда отбасымызға да дәл сондай құрмет жасағанымыз жөн. Бірақ та некедегі достықты бірқатар жолдастық қатынастармен шатастырып алмауымыз қажет. Асыл дінімізде ер адамның отбасындағы көшбасшылық орны қашанда ерекше. Сондықтан да бұл ер адамға деген қарым-қатынас айрықша сипатта көрініс алуға тиіс. Ерлі-зайыпты бір-біріне ықыласы ауып, бар бейілімен емінгені мақұл. Сонда отбасыдағы бала-шағаның да ата-аналарына қарай отырып, сондай достық пен мейірімге толы қарым-қатынасты жасампаз етпекке құмартары кәміл. Достық бір кіндіктен тараған бауырлар мен туған-туысқандар, құрбы-құрдастар һәм замандастар арасында да, сөзсіз, жолға қойылып, әманда ерекше маңыз берілуі тиіс. 

✅ Ортақ қуаныш 

Екі дүниенің шамшырағы болған пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) хадистерінде, оның өз әйелдерімен мейлінше жақсы қарым-қатынаста болып, оларға арнайы уақытын да бөліп, мүмкіндігінше сый-құрмет көрсеткені айтылады. Негізі ерлі-зайыптылардың бір-біріне көңіл бөліп, сыралғы достардай жақын болуы, олардың некелік қарым-қатынасын зорайта түседі. Мейірімнің шуағынан сусындатады. 

✅ Қаржылық келісім 

Сарапшылардың мәліметіне құлақ түрсек, отбасылық жанжалдардың 80 пайызы осы қаржылық түйіткілдерден туындап жатады екен. Бұл тарапта ерлі-зайыптылар материалдық тұрғыдағы барлық қиындықтарды біріге отырып еңсеруге талаптануы тиіс. Отбасылық керек-жараққа кететін түрлі шығындар мен қаржы-қаражатты орнымен ұқсатып жұмсау да сол ерлі-зайыптылардың парасаттылығына байланысты. 

✅ Құрмет көрсету 

Кейде жас жұбайлар некеден соң-ақ нендей өзгерістер болатынын, алдынан қандай қиындықтар туындап, оған қарсы тұрарлық ерік-жігері мен күш-қайратының дәрменсіздік танытып, сондай бір түсініспеушіліктер мен келіспеушіліктерге жол беріп жататыны анық. Отбасыдағы ең басты құндылық, айнымас қағидат ол, отбасылық өмірді бірінші орынға қоюмен ерекшеленеді. Ол ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген міндеттерін біліп, түрлі қажеттіліктерін өтеп, құқықтық орнын білуі қажет. 

✅ Еркіндік 

Дін исламдағы некелік қарым-қатынас құлақ кесті құлдыққа, не бірі тым төмен, ал екінші тым жоғары дегенге негізделмейді. Ол қос жұбайлардың ортақ бір мүдде төңірегінде тоқайласқан ізгі мұраттармен көмкеріледі. Әйел әлдекімнің меншігі дегенге ислам мүлде қарсы көзқараста. Бұл ерлі-зайыптылардың өз еркіндігін сақтай отырып, бір-біріне деген құқықтық міндеттерін жоққа шығару болып табылмайды. Ислам ерлі-зайыптылар арасындағы ортақ мүддені һәм біртұтастықты бек қолдайды. Тек ерлі-зайыптылар еркіндікті мүлде басқаша түсініп, кереғар танымдағы жат түсінікке негізделген болса, онда оған еркіндіктің қажеті де шамалы. 

✅ Болашақты бағамдау 

Терең ойлайтын ерлі-зайыптылар болашағын бағамдауға тырысады. Олар қаржылық түрлі жоба-жоспарларымен бірге, бауыр еті – балаларына қатысты да қордалы ойларын ортаға салып, ортақ бір пікірге тоқтайды. Өмірдің өн бойындағы барлық қиындықтарды бірге көтерісіп, өзара сенімге келеді.
30 қаңтар 2018 ж. 2 006 2

Гость JeaOrer от 25 ақпан 2019 23:59
Kamagra En Hipertension Pulmonar Cialis 20mg Lilly 12 Stuck Amoxicillin Suspension Ingredients cialis administracion Viagra Erfahrungsberichte Nebenwirkungen Buy Accutane Online Safe Canadian Meds No Prescription

Гость JeaOrer от 14 наурыз 2019 22:48
Propecia Long Term Effects п»їcialis Seroquel No Prescription Amoxicillin Dosage For Adults