Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Амангелді ауылы Қостанаймен бірге!

Амангелді ауылы Қостанаймен бірге!

Қызылорда облыстық «Жастар рухы» Жастар қанатының бастамасымен Қостанай облысында өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында Аманкелді ауылдық округінен арнайы шағын гуманитарлық көмек көрсету пункті жасақталды.

Сондай-ақ шағын гуманитарлық көмек көрсету пунктіне ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлер және еріктілер барынша қолдау көрсетті.

Қостанай халқына аса қажетті болып отырған азық-түлік, балаларға киім-кешектер мен төсек-жабдықтары мүмкіндігінше облыстық «AMANAT» партиясы және «Жастар Рухы» Жастар қанатының көмек қабылдау пунктіне жеткізілді.

Бүгін жүк көліктері Қостанай облысына жолға шықты.

Қостанай облысында өрттен зардап шеккен тұрғындарға сабырлық тілей отыра, Аманкелділіктер атынан қолдаушылары бар екендіктерін жеткізгіміз келеді.

Барша қолдау көрсеткен аманкелділік тұрғындарға алғыс айтамыз!

Отбасыларыңызға бақыт, дендеріңізге саулық, кәсіптеріңізге береке тілейміз. Ауызбірлігіміз әрдайым осындай мықты болсын!


Аманкелді ауылдық округі әкімдігі
07 қыркүйек 2022 ж. 783 0