Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутаттар ауданның басқару схемасын бекітті

Депутаттар ауданның басқару схемасын бекітті

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс 27-сессия өтіп, оған депутаттардан бөлек аудан әкімі М.Ергешбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық ардагерлер және қоғамдық кеңес төрағалары, бөлім басшылары мен кент және ауыл әкімдері қатысты.

Сессия басталмас бұрын аудан­дық мәслихат депутаты Дархан Ералиевтің төрағалығымен тұрақты ко­мис­сиялардың бірлескен отырысы өтті. Отырыста бірқатар мәселелер кеңінен талқыланып, депутаттардың ұсынысымен бес мәселе сессия қара­уына ұсынылды. Сессияны ау­дан­дық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов ашып, күн тәртібімен таныс­тырды.

Күн тәртібіндегі бірінші және екін­ші мәселелер бойынша аудандық сай­лау комиссиясының төрағасы Б.Өте­генова хабарлама жасады. Ол ау­дандық мәслихаттың №272, 273 ше­шіміне өзгерістер енгізуді ұсы­нып, аудандық сайлау комиссиясы құ­­рамынан Д.Әлшеров шығарылып, ор­нына Ә.Парзу енгізілді, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының құ­рамына ішінара өзгерістер жасалды.

Үшінші мәселе бойынша аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшы­сы Г.Еспенбетова түсініктеме жа­сап, ауданның округтік сайлау ко­мис­­сияларының құрамы бекітілді. Атап өту керек, енді ауданда 12 ок­­руг­тік сайлау комиссиясы болады жә­не әрқайсысында 5 азаматтан ко­мис­сия мүшесі болып табылады.

Сес­сияда қаралған келесі мәселе аудандық мәслихат аппаратының ере­­жесін бекітуге арналды. Бұл туралы ау­дандық мәслихат аппаратының бас маманы А.Сәдуақасов баяндама жасап, ережедегі «мәслихат хатшысы» деген сөздер «мәслихат төрағасы» бо­­лып өзгертіліп жатқанын айтты.

Соңғы мәселе бойынша аудан әкімі ап­па­ратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің бас­шысы М.Жәмиев хабарлама жасап, ауданның басқару схемасын бе­­кі­­ту жөнінде баяндады. Депутат­тар­дың қолдауымен басқару схема­сына сәйкес енді ауданда сегіз бөлім жұмыс істейтін болды. Атап айт­қанда, аудандық экономика және қаржы, ауыл шаруашылығы және жер қаты­­настары, мәдениет және спорт, қоғам­дық даму, сондай-ақ кәсіпкерлік, өнер­кәсіп және туризм, құрылыс, қа­ла құрылысы және сәулет, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі. Күн тәртібіндегі мәселелер толық тың­да­лып, талқыланғаннан кейін тиісті ше­шім жобалары бекітілді.

Сессия соңында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев сөз сөйлеп, ауданның әлеу­меттік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы жөнінде ақпараттармен бөлісті. Атқарылып жатқан және ал­дағы жұмыстар туралы айтып, бір­ле­се жүргізілген жұмыстарға қолдау білдірген депутаттық корпусқа алғы­сын білдірді.

А.ИБРАГИМҰЛЫ
17 қаңтар 2023 ж. 433 0