Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбеккерлердің мәртебесі биік

Еңбеккерлердің мәртебесі биік

Егін маусымында қажырлы еңбек етіп келе жатқан диқан қауымға ерекше құрмет тұрақты түрде көрсетіліп келеді. Ала жаздай маңдайын күн сүйген шаруалар ел несібесін арттыруға барын салатыны мәлім. Жылды жақсы нәтижеде қорытындылаған «Ақжарма және К» шаруа қожалығының Қызылорда қаласындағы «Орда» мейрамханасында «Алтын дән – 2022»  салтанатты іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев, Ақжарма ауылының әкі­мі Ерлан Ешмұратов, «Ақжарма және К» фермер қожалығының төрағасы Қайрат Нұрсейітов, арнайы шақырылған қонақтар, сала мамандары қатысты.

Салтанатты іс-шара барысында ән айтылып, би биленді. Аудан өнерпаздары сахнаның көркін аша түсті.Жаңа жылды ерекше көңіл күйде қарсы алған шаруаларды, жиналған көпшілікті Ақжарма ауылының әкімі Ерлан Ешмұратов жаңа жыл мен еңбеккерлердің мерекесімен құттықтады.

– Елімізде орын алған елеулі оқиғалар жеткілікті. Қашанда ауызбірліктен таймайтын ауыл халқы жылды табысты қорытындылап отыр. Сіздерді қос мерекемен құттықтай оты­рып, алдағы жылды табысты, нәтижелі еңсеруге тілектестік білдіремін. Негізінен, «Ақжарма және К» шаруа қожалығы елді мекеннің экономикалық-әлеуметтікәлеуе­тін көтеруге барынша жағдай жасауда. Қайырымдылық істерге өз үлесін қосуда. Ауданның ауыл шаруашылығы саласын дамы­туға, үздіктер қатарынан көрінуі үшін әрбір диқанның атқарған еңбегі бар, – деді ауыл әкімі.

Өз кезегінде «Ақжарма және К» шаруа қожалығының басшысы сөз алып, қонақтарды қос мерекемен құттықтап, жыл бойы атқа­рылған жұмысқа тоқталды.

– Шын мәнінде, еңбек маусымында тө­гілген маңдай тер мол несібеге негіз қалады. Еңбеккерлер ауызбірлік пен жауапкершілік арқасында абыройға кенелді. Әрқашан жо­ғары табыстан көрінген шаруалар ауданымызды облыста «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша «Үздік аудан» атандырды. Биыл «Ақжарма және К» фермер қожалығынына 10 жыл толды.  Соңғы 10 жылда атқарған жұмыс ауқымды. Бірнеше буын өкілі ауысып, шаруашылық жанданып, жаңарып отырады. Қай кезде де шаруалар қауымы аянбай еңбек етуден таймайды. Біз өз мамандарымызды ынталандырып, құрмет көрсетуге әркез да­йынбыз, – деді Қайрат Нұрсейітов.

Марапаттау рәсімінде «Ақжарма және К» шаруа  қожалығының демеушілігімен №130 Абай атындағы орта мектеп ұжымына 2 дана «Аква диспенсер», «Бүлдіршін» балабақ­шасына ойын­шықтар жиынтығы және «Теледидар», спорт мектебіне қажетті спорттық инвентарлар сыйға берілді. Сонымен қатар еңбек ардагерлері мен үлескерлерге, ұжым қызметкерлеріне еліміздің таңдаулы шипажайларына 30 жолдама табысталды. Ал еңбек озаттарын жыл бойы атқарған жұмыс нәтижесіне байланысты қаржылай сыйлыққа ие болды.

Өз кезегінде «Ақжарма және К» шаруа қожалығының экономикалық дамуына елеу­лі үлес қосқаны үшін Қуаныш Оспановқа, Нұрлыбек Сүлейменовке, шаруашылықтың демеушілігімен ауыл медпунктіне автокөлік кілті берілді. Айта кетейік, жыл бойы «Ақ­жарма және К» шаруа  қожалығымен тығыз байланыс орнатқан жеке кәсіпкерлер мен серік­тестер де марапат төрінен көрінді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
31 желтоқсан 2022 ж. 303 0