Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа жылдық мереке балаларға қуаныш сыйлады

Жаңа жылдық мереке балаларға қуаныш сыйлады

Бүгін Сырдария аудандық ауруханасының ұйымдастыруымен балаларға арналған Жаңа жылдық мереке өтті.

Салтанатты шараға аурухана бас дәрігері Жалғасбек Үсенов қатысып, балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

– Балалар, келе жатқан Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Жаңа жыл әр бала үшін жыл бойы күтетін ерекше мереке. Сендердің жүздеріңнен күлкі, қуаныш көру біз үшін үлкен мәртебе. Сендер осындай ерекше елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыңдар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар. Келер жыл баршаңызға жаңа жеңістер мен жетістіктер алып келсін. Алдағы жылда әр отбасы тек шаттық пен қуанышқа кенеліп, әрдайым еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Жаңа жылда арман-мақсаттарыңызға жетіп, биіктерден көріне беріңіздер, – деді Жалғасбек Тұрлыбекұлы.

Мереке барысында балалар ертегі кейіпкерлерімен және Аяз ата, Ақшақармен бірге суретке түсіп, Жаңа жылға арнаған тақпақтарын жатқа оқып, көңілді әуенге би биледі.
26 желтоқсан 2022 ж. 878 0