Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті сырдариялықтар!

Қымбатты ата-аналар мен балалар!

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Балаларды қорғау күні – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуа­ныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін ерекше мереке. Сондықтан бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен ел­дік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл ме­рекенің мәні мен маңызы зор. Ауданда ел болашағы балалардың бі­лімін жетілдіру, өмір сүру сапасын арттыру, олардың спорт, өнер үйір­мелеріне қатысуына жағдай жасау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі болса, ілгері ойлайтын мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – білімді де Отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Бала – адамның бауыр еті. Әрбір ата-ана өз баласын жарық дүниеге әкелген сәттен бастап оған барлық жүрек жылуын, ата-ана қамқорлығын сыйлап, болашақта сол баланың өмірде өз орнын тауып, қалыптасуына ықпал етеді. «Боламын деген баланың бетінен қақпай, белін буатын» дана халқымыз ұрпағына тағылымды тәрбие беріп, кішіпейілділікке баулып өсірген.

Халқымызда «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген қанатты сөз бар. Өсіп келе жатқан балаларымыз жақсы білім алып, келешекке нық қадам бассын! Ата-аналары мен ұстаздарының сенімін ақтай бер­сін!
Қымбатты балалар!

Сендер дамыған, байтақ елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақ­сыңдар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар. Бұған елімізде барлық мүмкіндік бар. Жасампаз істердің барлығы сендердің жар­қын болашақтарың үшін жасалып жатыр. Барлықтарыңа мықты ден­саулық, баянды өмір, бақытты балалық шақ тілеймін.

Жүздеріңнен қуаныш пен бақыт күлкісі кетпесін, ал жүректеріңе тек мейірім мен шапағат ұяласын.
Мереке құтты болсын!






Құрметпен, Мұрат ЕРГЕШБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
01 маусым 2022 ж. 487 0