Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тілшілер басылым беделін биіктетті

Тілшілер басылым беделін биіктетті

Қарымды қаламгерлердің құтха­на­сына ай­налған аудандық басылымның тілшілерінің өз оқырманы қалып­тасқан. Сан алуан тақы­рыпта қалам тербейтін әріптестеріміз 40 мыңға жуық халыққа ақпарат таратуға өзіндік үлесін қосуда. Әрқашан көпші­лікке айтар ойы мен оқырманын қалып­тастырған бір топ жур­налис­тер жыл қорытындысы бойынша үз­дік­тер қатарынан көрінді. Ұжым мақ­таныштары «16 желтоқсан – Тәуелсіздігі күніне» орай өт­кі­зілген салтанатты жиында марапатталды.

Аудандық газет бас редакторының орынбасары Ердос Беркінбаев Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың «Алғысымен», тілші Балтабай Ордабеков республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Ерлан Қоша­новтың «Алғыс хатымен» марапатталды. Осы жиында жас тілші Аружан Мұханбетқали «Өрлеу» жастар сыйлығының иегері атанды.

Әріптесіміз Ердос Беркінбаев редакцияның шығар­машылық әлеуетін арттыруға атсалысып, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Әрбір жаңа шығарылымның оқырман талабына сай шығуына, мазмұны мен сапасына мұқият қарап, басылымның беделін арттыруға атсалысып ке­леді. Қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, өзіндік қол­таңбасымен танылды. Еңбек жолын аудандық газетте бас­таған қаламгердің есімі аймақ, республика көлеміне де танымал.

Журналист Балтабай Ордабеков жас тілшілердің ара­сында беделді. Оның журналистика саласындағы жетіс­тіктері орасан зор. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ме­ре­йі үстем болып, марапатталған әріптесіміз газеттің жа­ңа құрылымы «Тіршілік тынысы» ақпарат агенттігіне жетекшілік етеді. Тың тақырыптарда қалам тербеп жүрген Балтабай жазған мақалалары арқылы оқырмандардың ыстық ықыласына бөленуде.

Редакцияның ең жас тілшісі Аружан Маханбетқали көптеген байқаудың жеңімпазы атанды. Жас журналист басылым бетіне өзектілігі мол мәселеде сараптамалық мақала жазу арқылы тәжірибесін шыңдауда. Ақпарат айды­нында өзіндік қолтаңбасын қалдырған аға буын өкіл­дерінің ізгілікті жолын жалғастырып келе жатыр.

Сексен жылдан аса тарихы бар аудандық газетте қаламы жүйрік журналистер табанды еңбегін жалғаст­ырып, басылымның беделін биіктетіп келе жатқан әріптес­терімізге шығармашылық табыс тілейміз.

«ТТ» ақпарат
16 желтоқсан 2022 ж. 303 0