Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Әріптесіміз "Өрлеу" сыйлығының иегері

Әріптесіміз "Өрлеу" сыйлығының иегері

Аудан әкімі Руслан Рүстемов аудандық газеттің жас тілшісі Балтабай Ордабековке «Өрлеу» жастар сыйлығын табыс етті.

Жастар сыйлығына биыл «Жас журналист» аталымы тұңғыш рет қосылғанын ескерсек, Балтабай Аябекұлы аудандық газет тарихында да, «Өрлеу» сыйлығының тарихында да бұл сыйлықты иеленген алғашқы тілші.

Жас маманға бұл марапат жастар саясатының дамуына қосқан үлесі мен аудан жастарының ұйымдастыруымен өткен іс-шараларды уақытылы әрі сапалы ақпараттандырғаны үшін берілуде.

Аудандық басылым тілшісінің еңбегін ескеріп, марапаттаған аудан басшысына аудандық газет ұжымының атынан зор алғыс айтамын.

Абырой биігінен көрінген әріптесімізді алған марапатымен құттықтап, еңбекте жеміс және шығармашылық сәттілік тілейміз!
11 желтоқсан 2019 ж. 1 042 0