Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Әріптестеріміздің жетістігі – ұжымның ортақ қуанышы

Әріптестеріміздің жетістігі – ұжымның ортақ қуанышы

«Тіршілік тынысы» газетінің ұжымында қос қуаныш орын алып отыр. Бас редактордың орынбасары Ердос Беркінбаев қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасында өткен «Үздік мақала» шығармашылық байқауына қатысып, арнайы жүлдеге ие болды. Ақпарат саласында абыройлы еңбек етіп келе жатқан Ердос Сәрсенбекұлы облыстық байқауда Рамазан айының қадір-қасиеті туралы мақала жазып, топ жарып, үздіктер қатарынан көрінді.

Ал жас тілші Аружан Мұханбетқали 1 мамыр – бірлік пен татулық мерекесі қарсаңында ауданымызда мемлекеттік тілді, рухани дүниемізді дамытуға үлес қосып келе жатқаны үшін халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің арнайы «Алғыс хатымен» марапатталды. Марапатты қоғамдық бірлестіктің Сырдария аудандық филиалының төрағасы Шаһарбек Нұрсейітов табыстады. Айта кетейік, жас тілші жуырда ғана Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми-зерттеу конференциясына қатысып, Зейнолла Сәнік атындағы бір реттік шәкіртақыға ие болды.


«Еңбек еткеннің – еңсесі биік» деген. Әріптестер мерейі – ұжымның абыройы. Шығармашылық топ өкілдерін жетістіктерімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!




Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ


29 сәуір 2022 ж. 757 0