Еңбек адамдарына құрмет көрсетілді

Айта кетейік, облыс орталығында республикалық эконауқанға атсалысқан мамандарды облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы марапаттады. Олардың қатарында Айдарлы ауылдық округіндегі мекеме қызметкерлері де бар. Атап айтқанда, қызметкерлер Перне Шауткенова, Нұрғали Жұмыров, Мейрамкүл Оспанова, Айнұр Досимова ерекше марапат төрінен көрінді.
– Айдарлы ауылында «Birge: Taza Qazaqstan» республикалық эконауқанына жыл көлемінде белсенді атсалысқан жандар көп. Жылдың төрт мезгілінде тазалық жұмыстары тоқтамайды. Әрбір көшенің тазалығы басты назарда болады. Тынымсыз еңбектің өтеуі болуы тиіс. Біз қашанда қарапайым еңбек адамдарын қолдауға дайынбыз, – деді ауыл әкімі Айбол Ержанов.
Тазалыққа жауапкершілік таныту – баршаға ортақ. Сондықтан ауыл тазалығын сақтап, көркеюіне атсалысайық!