Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық сақшыларының еңбегі ақталды

Тазалық сақшыларының еңбегі ақталды

Өмір сүріп отырған ортаның көркейіп, күлденуіне, оның тазалығының сақталуына атсалысу – баршаға ортақ іс. Осыған орай Мемлекет басшысының бастамасымен «Birge – Taza Qazaqstan» республикалық эконауқаны жыл бойы жүзеге асырылып, оған Тереңөзек кентінің тұрғындары белсене атсалысты. Әсіресе, аудан орталығының тазалығына Тереңөзек кенті әкімі аппаратының қызметкерлері ерекше жауаптылық танытып келеді.

Жақында облыс орталығында республикалық эконауқанға атсалысқан мамандарды облыс әкімі Н.Нәлібаев арнайы марапаттады. Олардың қатарында кент әкімі аппаратының қызметкерлері де бар. Атап айтқанда, қызметкерлер Роза Рахымбаева мен Гулжазира Едреноваға арнайы «Сарыағаш» шипажайына жолдама берілді.

Жыл бойы Тереңөзек кенті әкімдігінің тазалыққа жауапты мамандары бел жазбай еңбек етті. Кенттің көркеюіне, көшелердің таза болуына олар жауапкершілікпен қарайды. Көктем мезгілі басталысымен жер өңдеп, гүл егіуге ден қояды. Бірнеше сорттағы ағаштардың көшеттері отырғызылады. Негізінен кент орталығында көп қабатты тұрғын үйлер жеткілікті. Өз кезегінде тұрғын үйлердің иелерінен күл-қоқыс тастамауды сұраймыз. Себебі жылдың төрт мезгілінде де, біздің қызметкерлеріміз көше тазалайды. Адамдар арасында көшеде жүру мәдениеті қалыптасса екен. Мәселен, бір күн бұрын тазаланған көше бойынан дәл сондай қоқыс алынып жатады.

Бүгін осындай еңбегімізді бағалап, әріптесіміз екеуімізге «Сарыағаш» шипажайына жолдама берілген болатын. Осындай құрметке бөлеген аймақ басшысына алғысымызды айтамыз. Құрмет төрінен көрінген әріптестерімізді  шын жүректен құттықтаймыз. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Кенттің әрбір көшесіне тазалық жұмыстары жүргізіле береді, – дейді Тереңөзек әкімдігінің қызметкері Роза Рахымбаева.

Сондай-ақ, аудан орталығының көркейіп, гүлденуіне, абаттандырылуына атсалысып жүрген кент әкімдігінің қызметкері Алмас Ибрагимұлы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Алғысымен» марапатталды. Сонымен бірге, тазалыққа жеке мән беріп жүрген қызметкерлер Данияр Оспанов, Бекмұрат Қалмұратұлы, Ермек Құлмақов және Айгерім Мырзахметова облыс әкімінің «Алғысына» ие болды.

Тазалыққа жауапкершілік таныту – баршаға ортақ. Сондықтан кент тазалығын сақтап, көркеюіне атсалысайық. Әрбір көше тұрғындары ауласын таза ұстауға міндетті. Негізінен, күл-қоқыс тастаған әрбір адам заң аясында айыппұл немесе жаза арқалайды.
07 желтоқсан 2022 ж. 352 0