Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 11 айда 97 қылмыс тіркелді

11 айда 97 қылмыс тіркелді

2022 жылдың 11 айында аудан көлемінде 97 қылмыс тіркеліп, 2021 жылмен салыстырғанда – 11,8 пайызға төмендеді.  
Сонымен бірге, қоғамдық орындарда 7-ден 8-ге немесе +14,3 пайызға, көшелерде 6-дан 8-ге немесе 33,3 пайызға,мас күйінде жасалған қылмыстар 12-ден 17-ге немесе 41,7 пайызға, қару қолданып жасалған қылмыстар 1-ден 5-кенемесе 400 пайызға өсім алғанымен, бұрын сотты болмағандармен жасалған қылмыстар 35-те 35 немесе біркелкі болса,топтасып жасалған қылмыстар 11-ден 6-ға немесе – 45,5 пайызға төмендеген.  

Тұрғындардың өзекті мәселе қатарындағы қылмыстардың түрлеріне  тоқталсақ.  

Ауданымыздың тұрмыс тіршіліктің негізгі көзі мал шаруашылығымен айналысады. Осыған байланысты қазіргі таңда мал ұрлығы күрделі мәселенің бірі болуда.

Мал ұрлық саны 50 пайызға (8-ден 12-ге) өсім алып отыр. Бізбен, мал ұрлықтарының алдын алуға және ашуға бағытталған кешенді іс-шаралар қабылдануда.

Атап айтқанда, жолдарда мал тасымалдайтын көлік құралдарын тексеру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Егерде, тиісті құжаттарсыз (малдың төлқұжаты жоқ немесе ветеринарлық анықтамасы жоқ, таңбалары мен сырғаларындағы нөмірлері сәйкес келмеу деректері) мал тасымалдаған көлік құралдары  анықталған жағдайдаполиция бөлімдеріне жеткізіліп, ветеринария қызметімен бірлесіп тексеру, есепке алу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл қабылданған шаралар мал ұрлығымен айналысатын тұлғалардың қылмыстық әрекеттеріне едәуір тосқауыл болды.

Мал ұрлықтарының орын алуының негізгі себептері:

Тіркелген 12 мал ұрлығының 3 қорадан, 9 дерегі  қараусыз, бақташысыз өрістен ұрланып отыр.

Бұл ретте, аудан әкімдігінде өткен әрбір ведомствоаралық құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия отырыстарында малды міндетті түрде падамен бағуға бақташыларды енгізу ұсынылғанымен, ауыл әкімдерімен бұл бағытта жұмыстар әлі күнге дейін толық шешімін таппай келеді.

Біздің есебіміз бойынша аудан көлеміндегі 13 ауылдық округте 13 пада ұйымдастырылып, бақташымен қамтылған. Дегенмен, 1 ауылға 1 пада аздық етеді.

2021 жылы малды бақташысыз жайып жіберудің салдарынан, мал  ұрлығымен тіркеліп, кейін малдары далалық жерде табылып, иелеріне қайтарылған деректерде кездеседі. Бұндай 1қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды, бұл ретте жоғалған (ұрланды деп жазылған арызыдар бойынша) малды іздеуге жеке құрамның басым күштері мен автокөліктері тартылады.

Осыған орай, аудан көлемінде мал ұрлықтарының алдын алудың бірден бір шешімі пада ұйымдастыру жұмыстары екенін және осы бағыттағы жұмыстарды қолға алу қажет деп есептеймін.

Мал ұрлығының орын алуының тағы бір себебі азаматтардың малдың жоғалғаны туралы кеш хабарлауы болуда.

Бұл әрине, қылмыстардың ашылуына кері әсерін тигізетіні анық.

Жергілікті атқарушы органдармен малдарды таңбалау, сырғалау жұмыстары әліде болса жеткіліксіз болуының салдарынан, ішкі істер органдары қызметкерлерінің мал ұрлықтары қылмыстарын ашу мен ұрланған малдарды тану барысында қиындықтар туғызатындығыда жасырын емес.

Осыған орай, құзырлы органдармен мал шаруашылығымен айналысатын азаматтарға малдардың саны және олардың таңбалануы, сырғалануы жайлы үгіт насихат жұмыстарын жандандыру қажет деп есептеймін.

Мал ұрлығының алдын алу мақсатында, аудандық Ветеринарлық инспекциясымен бірлесіп тиісті ілеспе құжаттарсыз мал тасымалдау деректерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Құжатсыз мал тасымалдау фактілері анықталғанымен, қазіргі таңда туындап жатқан қиындықтың бірі, ұсталған малды тексеру барысында, уақытша орналастыру орындары бөлінбеген. Құжатсыз мал тасымалдаған автокөліктер, үстіне тиілген малымен бірге сол аймақтың ішкі істер бөліністерінің ауласына уақытша қойылады. Малдың ұрлық еместігін анықтау барысында, ол мал автокөліктен түсірілмейді, оған су, жем берілмей, малға тиісті қарау жасалмайды. Бұндай жағдай қызмет барысында жиі кездесуде. Сондықтан, құжатсыз тасымалданған малдарды, уақытша орналастыратын орындарды және олардың жем, суы мен қарайтын қызметшілерін белгілеу қажет.

Жол қозғалыс қауіпсіздігіне  тоқталсақ.Аудан көлемінде тіркелген жол көлік оқиғаларының саны -19,0пайызға (21-ден 17-ге), онда жарақат алғандар саны -24,1% (29-дан 22-ге), қайтыс болғандар -16,7% (12-ден 10-ға)төмендеген.

Есепті мерзімде полиция қызметкерлерімен жол жүру ережесін бұзғаны үшін 1685 құқық бұзушылықтар анықталып, әкімшілік шаралар көрілген.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алуды насихаттайтын видео роликтер түсіріліп, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде кеңінен жарық көрді.

Халықтың полицияға деген сенімділігін арттыру мақсатында, «Жолда қабылдау», «Ауладағы қабылдау» акциялары онлайн түрде жүргізілді, Акция барысында тұрғындардың арыз-шағымдары мен шешілмеген мәселелері қаралып, нақты жауаптар берілді.

Сандық технологияларды дамыту аясында полиция қызметіне «Электрондық қылмыстық іс жүйесі» жобасы енгізіліп, қазіргі уақытта қылмыстық істер электрондық форматта тергелуде.

«Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» (ЕРАП) жобасы аясында 21 данапланшет алынып, қолданысқа енгізілді.

Планшеттермен бүгінгі күнге 2425 электронды әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Аталған жүйелердің тиімділігі іс-құжаттардың бұрмалануына жол бермеу,сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға өз ықпалын тигізеді.    

Құқық бұзушылық профилактикасы жүйесінде негізгі буын учаскелік полиция инспекторлары болғандықтан, 2018 жылы жергілікті атқарушы органдардың көмегімен елді-мекенде 1 учаскелік полиция инспекторына Учаскелік полиция пунктімен бірлесіп салынған қызметтік тұрғын үй берілді (Ақжарма елді-мекенінен УПП мен бірлесіп салынған тұрғын үй).

Жол картасы аясында полицияның тұрғындармен жұмыс жасаудың жаңа форматы енгізіліп, аудандық полиция бөлімінде азаматтарды қабылдайтын ыңғайлы жағдайлар жасалған фронт-офистер ашылды. 
Қазіргі уақытта, бұл фронт-офистер ЦОН үлгісінде халыққа қызмет көрсетуде. 

Соңғы уақыттаалаяқтық саны көбейді.

Есепті мерзімде 4 алаяқтық қылмысы тіркелген.

Олардың басым бөлігі пәтер, жер учаскесін алуға, жұмысқа орналастырумен сонымен қатар, каспи ред, каспи бөліп төлеу жүйесі арқылы қаражатты қолма-қол ақша етіп алуға байланысты болды.

Бұл қылмыс түрінің интернет арқылы жасалуы өсуде.

Оларды анықтауда біршама қиындықтар болуда. Себебі, «QIWI-кошелек» және басқа да счеттарды кез-келген елде ашуға болады.

Сондықтан, бейтаныс адамдарға сенбей, сақтық шараларға ерекше назар аудару қажет.

Алаяқтықтың құрбаны болмау үшін, ресми кол-центрге қоңырау шалып, алдын ала ақпаратты тексеру керек.

Бүгінгі күні полиция органдары қызметкерлеріне халықпен тығыз қарым-қатынаста болу, олардың сеніміне кіруге барынша талаптар қойылған. Осы бағытта әрбір азаматтың өтініштері мен мұң-мұқтаждарына аса мән бере отырып, тиісті шаралар қабылдаулары басшылықтың үнемі бақылауында.

Полиция қызметі көп салалы және ауданымыздағы ірі мекемелердің бірі болуына байланысты, бізде әлі де шешілмеген мәселелер мен кемшіліктер бар, біз оларды қоғамнан жасырмаймыз және оларды шешу мақсатында жұмыстарды үнемі жүргізудеміз.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындардың полицияға деген сенімін арттыру– басты критерийретінде анықталды.

Полицияға деген сенімді арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан әрбір сыни материалдарға бізбен баға беріліп, орын алған деректер бойынша шұғыл шаралар қабылдаудамыз.

Әрине, бір полиция қызметкерінің заңсыз әрекетімен барлық полиция қызметкерлеріне баға беруге болмайды.

Олардың қоғамдық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті  қамтамасыз етуде ауыр да қауіпті қызметтерін  ескеруіміз керек.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне қатысты сыни материалдармен қоса, күнделікті өз міндеттерін атқаруда кәсіби шеберлік танытып, халықтың алғыс-ықыластарын алу деректері де аз емес.

Полицияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру барысында халықпен бізге берілетін баға біз үшін қашанда маңызды екенін ескеріп, полицияның оң имиджін қалыптастыруда барлық күш-жігерімізді салып, аянбай қызмет атқарамыз.

Нұрлыбек ҚОРДАБАЕВ,
Сырдария аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, 
полиция подполковнигі
08 желтоқсан 2022 ж. 303 0