Мал шаруашылығы саласында өсім бар

Есепті мерзімде 3924 тонна ет (тірі салмақта, +0,1%), 6963 тонна сүт (+0,9%), 185,4 мың дана жұмыртқа (+1,6%) өндірілді.
Мал өнімділігін арттыру мақсатында «Сыбаға», «Агробизнес» және «Іскер» бағдарламаларымен 338,5 млн. теңгеге 395 бас жылқы, 460 бас мүйізді ірі қара және 200 бас қой сатып алынды.
Нәтижесінде, асыл тұқымды мал басын өсіретін репродукторлы шаруашылық құрылымдарының саны 2 бірлікке (3-тен 5-ке) артып отыр.
Ердос БЕРКІНБАЕВ