Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Талғат Дүйсебаев өз таңдауын жасады

Аудан әкімі Талғат Дүйсебаев өз таңдауын жасады

Бүгін аудан әкімі Талғат Дүйсебаев ҚР Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында өз таңдауын жасады. Аудан басшысы №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейде орналасқан №156 сайлау учаскесіне барып дауыс берді.

Биылғы саяси науқанға мемлекеттік тіркеуден өткен 5 партия өкілдері қатысуда. Орталық сайлау комиссиясы өткізген жеребеге сәйкес партиялар келесідегідей ретпен орналасқан: «Қазақстан Халық партиясы», «Nur Otan», «Ауыл», «Ақ жол», «Адал».

Жалпы, Сырдария ауданында 18 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. Дауыс беру орындарында барлық санитарлық талаптардың сақталуы бақылауға алынған.

Айта кетейік, ауданда әрбір сайлаушы өз сайлау учаскесін анықтау үшін 8 (72436) 21-3-54 Call-орталығы жұмыс істеп тұр.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
10 қаңтар 2021 ж. 522 0