Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сала мамандарына құрмет көрсетті

Сала мамандарына құрмет көрсетті

Статистика саласының кәсіби мерекесі қарсаңында бүгін аудан әкімдігі мерекелік шара ұйымдастарып, сала мамандарына құрмет көрсетті. Салтанатты шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев статист мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бұл сала кез келген аймақтық, ұлттық және әлемдік деңгейдегі саяси және бизнес шешім қабылдауда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын белгілеуде де аталған саланың маңызы зор.

Аудан әкімі биылғы жылы өткен халық санағында статистика қызметкерлерінің еңбектері нәтижесінде санақты бірінші аяқтап, аудан абыройын асқақтатқанын жеткізді. Алдағы уақытта ел экономикасының өсуіне, халықтың әл-ауқатының жақсаруы жолындағы еңбектеріне табыс тіледі. Айта кеткен жөн аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы аудандық статистика басқармасының бірқатар қызметкерін «Алғыс хатпен» марапаттады.

Шара соңында Сырдария ауданының статистика басқармасының басшысы Сейлхан Төлегенов әріптестерін мерекемен құттықтап, ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді.

08 қараша 2021 ж. 442 0