Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғам үшін маңызды сала

Қоғам үшін маңызды сала

Адам өмірі есептілікпен тығыз байланысты. Сондықтан да қоғамда статистиканың маңызы зор. Себебі, мемлекеттің әлеу­меттік-экономикалық даму стратегиясын белгілеуде бірінші ке­зекте статистикаға жүгінетініміз анық. Сол себепті де сала қызметкерлерінің атқарып жүрген еңбегі мемлекеттің дамуы­­на ерекше серпін беруде. Осы ретте, статистика саласының кәсіби мерекесіне орай аудан әкімі Мұрат Ергешбаев сала қызмет­кер­лерін қабылдады.

Негізінен, өңірлік, ұлттық және әлем­дік деңгейдегі есептілік саяси ше­шім қа­былдауда маңызды рөл атқа­рады. Әсі­ре­се, мемлекеттік басқару орган­дары­­ның, халықты еңбекпен қамту жә­не жұ­мыс­сыздық, кедейшілік, баға, халық­тың әл-ауқаты, инвестиция, төлем балансы, сыртқы экономика және тағы басқалар жөнінде сапалы және жедел статисти­ка­лық ақпараттардың мемле­кеттік статистика жүйесінде өзіндік орны бар. Сол арқылы түрлі салалар жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болады. Бюджет бө­лінісі де статистикамен реттеліп, алдағы жоспарлар жүзеге асырылады. Сондық­тан да статистердің жұмысы нақтылықты, талдаудың дұрыс­тығын талап етеді.

Мерекелік қабылдауда аудан басшысы сала жұмысының мән-маңызын атап, кәсі­би мерекемен құттықтады.

– Статистика саласының қоғам үшін ма­ңызы жоғары. Біздегі барлық саланың жұмысы осы саламен тығыз байланыс­ты. Ауданның өсіп-өркендеуінде алдымен ста­тис­тикалық мәліметтерге сүйеніп, содан кейін алда­ғы жоспарлар жүзеге асырылады. Сон­дықтан осы сала жұмысын үй­лестіріп отырған мамандарға шынайы алғысымды жеткіземін. Кәсіби мереке­лері­ңіз құтты бол­сын! – деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.

Аудан басшысы ақпараттық қор қалып­тас­­тыратын статистика саласын абыроймен орындап, ауданның әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуына ерекше үлес қосып жүр­ген ұжымның бірқатар қызметкері мен сала ардагерлерін «Алғыспен» марапаттап, сый­-құрмет көрсетті.

Мерекелік қабылдауда «Сырдария ау­данының әйелдері» қоғамдық бірлес­тігінің төрайымы Ұлмекен Жанәлиева құттықтау сөз сөйлеп, сала жұмысына сәт­тілік тіледі. Ал аудандық статистика басқармасының басшысы Сейілхан Төлегенов кәсіби мерекеде құрмет көрсе­ту­шілерге алғысын жет­кізді.

Е.БЕРКІНБАЕВ
12 қараша 2022 ж. 283 0