Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр спортшылары – марапат төрінде

Сыр спортшылары – марапат төрінде

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова Әлем чемпионаты және ТМД елдерінің спартакиадасы, ҚР чемпионаттарында жеңімпаз атанған студенттермен кездесті.

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай өткен кездесуге каратэ-до, самбо, шахмат, стенд ату спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысып, ел абыройын асқақтатып жүрген студенттер жиналды. Шара барысында спортшылар университет төсбелгісімен марапатталды.
  •  Ерік-жігерлерін шыңдап, биік мақсаттарға талпынған әрбір шәкірт – біздің мақтанышымыз! Бұл университет үшін ғана емес, еліміз үшін үлкен жетістік. Әрбір жеңістің артында үлкен дайындық, маңдай тер, ата-ана мен ұстаз, бапкерлеріңіздің үміті тұр. Шаршы алаңға шыққанда университет ұжымы әрқашан басты жанкүйер болатынын ұмытпаңыздар! Біз сіздерге қолдау көрсетуге  қашанда дайынбыз. Алдағы уақытта да ел мерейін асқақтата беретіндеріңізге сенімдімін, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Биылғы қыркүйек, қазан айларында университет білім алушылары халықаралық, республикалық спорт додаларында бақ сынап, үздіктер қатарынан көрінді.
Спорттық жарыстарда жеңімпаз атанған студенттер университет төсбелгісі мен арнайы марапатын иеленді.  Олар:

  1. Камал Дамир – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері,  Әлем кубогінің иегері, Әлем чемпионы, ҚР XI жазғы универсиадасының жеңімпазы, ҚР-ның сегіз дүркін чемпионы
  2. Қонысбек Алишершарип – ҚР спорт шебері, Әлем кубогінің иегері, Әлем чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР-ның төрт дүркін жеңімпазы
  3. Әсемгүл Ердәулет – ҚР спорт шебері, Әлем кубогінің иегері, Әлем чемпионы, ҚР-ның үш дүркін жеңімпазы
  4. Кубаш Бақдәулет – ҚР спорт шебері, Әлем кубогінің иегері, Әлем чемпионы, ҚР-ның үш дүркін жеңімпазы
  5. Темірлан Қуанышбаев – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері,  Азия чемпионы, ҚР-ның екі дүркін жеңімпазы, екі дүркін күміс жүлдегері
  6. Назерке Нұрғали – ҚР спорт шебері, әйелдер арасында ХД ФИДЕ шебері, екі дүркін Әлем чемпионы,  бес дүркін Азия чемпионы, ҚР-ның он бес дүркін жеңімпазы
  7. Шынар Абатова – Самбо, Дзюдо және Қазақша күрестерінен ҚР спорт шебері, самбодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері, самбодан ҚР -ның үш дүркін жеңімпазы, дзюдодан ҚР-ның жеңімпазы және екі дүркін күміс жүлдегері, қазақ күресінен ҚР-ның жеңімпазы
  8. Ақтоты Зарип  – Самбо, Дзюдо және Қазақша күрестерінен спорт шеберлігіне үміткер, самбодан Әлем және Азия чемпионаттарының қола жүлдегері, самбо күресінен ҚР чемпионы және бірнеше дүркін жүлдегері, қазақ күресінен ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері,  дзюдо күресінен ҚР чемпионатының  күміс және қола жүлдегері
  9. Асылзат Дөненбаева    – ҚР спорт шебері, ҚР-ның үш дүркін жеңімпазы, бес дүркін жүлдегері
  10. Камал Бақдаулет – ҚР спорт шебері, ҚР-ның үш дүркін жеңімпазы, сегіз дүркін жүлдегері, өз салмағы бойынша екі рекорд орнатқан
  11. Ғабиден Урынбаев – ҚР спорт шебері, Әлем чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы және екі дүркін жүлдегері, ҚР-ның 10 дүркін жеңімпазы және 3 дүркін жүлдегері
06 желтоқсан 2021 ж. 484 0