Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ГИННЕСТІҢ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТҚАН

ГИННЕСТІҢ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТҚАН


Қолымда белгілі спортшы, гір тасын көтеруден Гиннестің рекордын жаңартқан Оразбек Медетбаев бауырымыздың суреттері, Қазақстанды былай қойғанда әлемдік, халықаралық жарыстардың дипломдары мен медальдары, түрлі кубоктары тұр. Осыларға қарап-ақ аудан, облыс, тіпті қазақ елінің намысын әлемдік деңгейде қорғап жүрген азаматтың бойында қандай тылсым күш жатқанын топшылағандай болдым.
Менің білуімше гір спортының нағыз шебері болу үшін тек қара күш емес, мықты ерік пен жігердің иесі болу маңызды. Кемі 18-24 келі болатын ауыр тастарды бейне допты лақтырғандай бір қолдан екінші қолға лақтыру, оны жұлқа көтеру, серпи көтеру, ұзақ циклды көтеру оңай емес.
Бұрынғы Кеңестер Одағының тұсында белгілі ауыр атлетикадан спорт шебері, әлем чемпионы профессор Л.Дворкин ел аумағындағы ауыр атлетиканың дамуында, өркен жаюында оны қолдаушылар көп тер төкті деп нақты айта аламын, -дейді. Ал, іс-жүзінде гір спортының негізін қалаушы және аталмыш спорттың нағыз жанашыры болып Владислав Краевский есімі жиі айтылады.
Америкалық алып күш иелері арасында да гір спорты ертеден белгілі болған. Кез келген білек күші мықты америкалықтың үйінің бір бұрышында гір тастары тұратын болған. Бірақ Американың экономикасы өрлеп, ел дамудың биік белесіне көтерілген сәтте бұл спорт ұмытыла бастады. Тіпті, ауыр атлетика сөзі Калифорниялық алтын іздеушілер мен жабайы Батыс баскесерлерімен бірге жоғала бастағандай еді.
Қазақстан үшін гір спортының бағы Тәуелсіздік жылдары жанды десек өтірік емес. Ел тарихына есімдері алтын әріптермен жазылған спортшылар жетерлік. Басқасын айтпағанда атағы жер жарған Қажымұқан Мұңайтбасов өткен ғасырдың қазақ халқын әлемге танытпап па еді!? Сол гір спортының бағын жандырып жүрген жандар арасында біздің жерлесіміз Оразбек Медетбаев бауырымыздың да есімі құрметпен аталады. Орекеңнің «Гір спорты шеберлерінің халықаралық конфедерациясы» деп аталатын беделді ұйым берген «Спорт шебері», «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Гір спортына еңбегі сіңген спорт шебері» деген атақтары бар. 2012 жылы Қазақстан Республикасының Қолкүрес және гір көтеру спортының 20 жылдығына арналған мерекелік медалін төске таққанда спортшы мерейі өсе түскен еді. 2016 жылы Қазақстан республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын және алды.
-Гір спортында әлемде 3 федерация бар, -дейді Оразбек бізбен әңгімесінде. Олардың ішіндегі ең беделдісі Гір спорты шеберлерінің халықаралық конфедерация­сы. Президенті Т.Пиццекели, Екіншісі, гір спортының Халықаралық Одағы президенті И.Солодов. Үшіншісі, Гір спортының халықаралық федерациясы. Президенті Ю.Щербин.
Әлемдік, халықаралық жарыстарды ұйымдастыратын да осылар. Бірақ, жарыс болады екен деп оған бірден қатыса алмайсың. Алдымен аккредитациядан өтесің. Оның төлейтін жарнапұлы болады. Одан бөлек жол шығындары бар. Осындайда көмек қолын созатын азаматтар жаныңа жалау болып, қаржылай көмек көрсетіп жатады. Олардың ішінде облыстық мәслихат депутаты Р.Есеновтің, аудандық мәслихат депуттары А.Камалатдин, М.Бисенов, Өркен-Сырдария мекемесінің басшысы Б.Дүзімбетов, аудандық спорт бөлімінің басшысы М.Ерташов, «А.Тоқмағанбетов» серіктестігінің төрағасы М.Есжановтарға айтар алғысым шексіз.
Жақында Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өткен жарыста да жүлделі үшінші орын алдым. Осы жарысқа баруыма қолдау көрсеткен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Ералиевке айтар алғысым зор. Қазақ спортының өрлеуіне, бұқаралық спортттың дамуына жаңашырлық танытып жүрген азаматтар аман болсын.
Біздің әңгімемізге арқау болып отырған Оразбек Дәулетиярұлы 1971 жылы ауданға қарасты Ақжарма ауылында дүниеге келген. 1979-89 жылдары №130 мектепті бітіріп, 1989-91 жылдары Украина Республикасының Запарожье қаласында әскери борышын өтеген.
Әскерден келген соң ауылдағы құрылыс бригадасында еңбек етіп, 1999-2001 жылдары КРЭК компаниясында әскери резервтегі күзетші бола жүріп, жаттығуын жалғастырған. 2002-2006 жылдары Алматы қаласында «Қуат» корпорациясында құрылысшы болса, 2008-2009 жылдар аралығында Сырдария ауданының Ақжармадағы әдіскер-нұсқаушысы, 2010-2011 жыл аралығында «Қайнар» облыстық клубына қарасты әдіскер-наұсқаушы болып Қармақшы ауданында жұмыс атқарған. 2012 жылдың ақпан айынан бастап «Ел Қайраты» облыстық спорт клубының әдіскер-нұсқаушысы болып кентте еңбек етіп келеді. Қарап отырсаңыз, бір мезгіл бос жүрген кезі болмаған. Осы жылдар аралығында үнемі жаттығу, шынығу үстінде жүрген, «спорт» -десе ішкен асын жерге қоятын бауырымыз қомақты жетістіктерге де жеткен. Облыстық «Алтын күз», «Ақ бидай», «Ұлттық спорт ойындары» «Халық спорты» ойындары республикалық жарыстарының жеңімпазы мен жүлдегері. КСРО Қарулы Күштерінің чемпионы, «Богатырь» кубогінің жеңімпазы. Ресей Федерациясының «Крылатый лев» орденімен марапатталған.
Орыс ағайынның талабы да, талғымы да зор болатынын ескерсек аталған орден де талғам таразысына сай келетін мықтының мықтысына бұйыратыны айтпаса да түсінікті. Демек, Орекең сондай талғам биігіндегі спортшы.
Гір көтеру спорт шеберлері халықаралық конфедеранциясы 2009-2017 жылдары өткізген әлем, Еуропа, ТМД елдері чемпионаттарының М.С.Ломоносов атындағы турнирдің жеңімпазы, «Жеңіс кубогі» халықаралық 1-ші гір көтеру спорт шеберлері Бүкіләлемдік олимпиадасының 4 дүркін чемпионы, Халықаралық турнирдің 4 дүркін жеңімпазы. Гір спортынан Украи­на, Молдова мемлекеттерінің бірнеше дүркін чемпионы. 5 рет әлем рекордын жаңартқан. Гір спортынан жұлқа, серпи, ұзақ циклды жаттығуларда, 30 минуттық жартылай марафон бойынша серпи көтеруде рекордтар жаңартқан. 11 дүркін әлем чемпионы, 4 дүркін Еуропа чемпионы. Жерлесіміз 2014 жылы Белоруссияда өткен жарыста Гиннестің рекордын жаңартыпты. Яғни, оған дейінгілер 30 минутта 420 рет серпи көтерген болса Оразбек бауырымыз 24 келілік гір тасын жарты сағатта 500 рет серпи көтеріп, рекорд жаңартқан. Сол үшін О.Медетбаевқа халықаралық ұйым сертификат тапсырған болатын. Биыл шілде айында Қызылжар өңірінде Қазақстан Республикасының ашық біріншілігінде Оразбекке алтын гір тасы табысталды. Айта кету керек мұндай марапатқа еліміз бойынша 4 спортшы ғана қол жеткізген. Міне, атақтар ұзын-сонар осылай жалғасып кете береді. Қандай жарысқа барса да Орекең жүлдесіз оралған емес. Бұл төккен тер, еткен еңбектің жемісі. Аталған спорт түрімен Орекеңнің қызы Дәулетиярова Шехназ да айналысады. Он төрт жастағы қаршадай қыздың жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. - Спорттың осы түріне қызымды дайындағаныма екі жыл болды,-дейді Оразбектың өзі бұл жайлы.
- Неге спорттың осы түрі. Қанша дегенмен қыздың жаны нәзік келеді ғой,-дейміз біз де. - Бұл оның қалауы. Кішкентайынан гір тастарын айналшықтап шықпайтын. Өскен соң гір спортымен айналысамын деп шешті. Мен қолдадым. Қазірдің өзінде түрлі жарыстардан жүлдемен оралып жүр. Халықаралық гір спорты федерациясы ұйымдастырған жарыста жүлделі бірінші орын алды. Оның талабы бойынша 8 келілік гір тасын 10 минутта жұлқа көтеру бойынша 193 рет көтерді. Осындай жаста бұл үлкен жетістік. Сондықтан қызымның мықты спортшы болатынына сенемін,- дейді Оразбек Дәулетиярұлы.
Иә, спортты жан-тәнімен сүйген адамның сөзі бұл. Атағы жер жаратын мықтылармен сайысқа түскен бауырымыздың бойындағы бұл қайсарлық сонау бағзы заманда Қоқан бегінің басын алған ел үшін, қан төккен, туған жерді білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған Түлкібай батырдан дарыған-ау дейсің іштей.
Шындығында солай. Демек батыр бабадан тараған ұрпақтың осал болуға да қақы жоқ.
«Туған жерге туың тік» демекші гір спортынан Гиннес рекордын жаңартқан Оразбек бауырымыз да туған жерінің абыройын асқақтатып, мерейін өсіріп жүрген тұлғалардың бірі.

С.Сұлтанқызы
05 желтоқсан 2017 ж. 2 131 3

Гость JeaOrer от 12 ақпан 2019 03:17
Side Effects Of Propecia Viagra En Pharmacie Amoxicilina Website Next Day Free Shipping Kansas City cialis without prescription Levitra Ersatz Online Prezzo Kamagra In Algeria Nizagara For Sale Cheap

Гость JeaOrer от 4 наурыз 2019 06:53
Viagra Marroqui http://allngos.com Propecia While On Vitamin A Viagra Online Bari Propecia Nelle Donne

Stevnohope от 8 мамыр 2019 19:05
Best Prices For Viagra 100mg buy accutane 20mg Best Price Propecia In Uk viagra Cialis Mas Barato Viagra Apotheke Augsburg