Сырдариялық шаруалардың дәстүрлі жәрмеңкесі облыс орталығында өтті

Жылдағы дәстүр бойынша мереке аясында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, Тереңөзек кенті мен барлық ауылдардан арнайы келген шаруашылықтар өз өнімдерін тұрғындарға арзан бағамен ұсынды.
Молшылық мерекесіне жиналғандардың қарасы қалың. Бірі көкөніс сатып алуға бет алса, енді бірі ет-сүт өнімдерін сатушылардың қасынан табылды. Бақша өніміне деген сұраныс та өте жоғары.

Облыс орталығында өткен жәрмеңкеде қала тұрғындары қолжетімді бағадағы азық-түлікке молынан кенелді. Берекелі шара шеңберінде сырдариялықтар халыққа сапасы жоғары, табиғи таза өнімдерін ұсынды.
Жәрмеңкеде аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.